19 наурызда өтетін Мәжіліс және мәслихаттар депутаттары сайлауы алдында саяси партиялар пікірсайыс өтеді, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.
ҚР Сайлау туралы заңының 28-бабының 3-тармағына сәйкес Орталық сайлау комиссиясы сайлауға қатысатын саяси партиялардың дебатын ұйымдастырады. Осы орайда Орталық сайлау комиссиясы өз құзыретіне сәйкес пікірсайысты өткізу ережелері мен қағидатын бекітті. Қабылданған шешім бойынша саяси партиялардың пікірсайысын өткізу 2023 жылғы 16 наурызға белгіленді, – деді Орталық сайлау комиссиясының мүшесі Анастасия Щегорцова.
Осыған дейін ОСК отырысында жергілікті атқарушы билік өкілдері сайлауға дайындық туралы баяндама жасағанын хабарлаған болатынбыз.
Сонымен қатар бүгін ҚР Парламенті Мәжілісі мен мәслихаттары депутаттарының кезектен тыс сайлауын өткізу, оның ішінде дауыс беруге арналған сайлау бюллетеньдері және сайлау алдындағы пікірталастарды өткізу мәселелері жөніндегі ОСК-ның отырысы өтіп жатқанын мәлімдедік.
Еске салсақ ОСК сайлау алдындағы теледебат «Хабар» телеаранасында өткізілетінін хабарлады.