Саясат Нұрбек цифрлық және креативті технологиялар зертханасымен танысты

21 Қараша 2022, 18:48 1468

Бұл туралы Ғылым және жоғары білім министрлігі мәлім етті

Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек Назарбаев Университеті басшылығымен кездесу өткізіп, оқу орнының қызметімен және зерттеу зертханаларының жұмысымен танысты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
 
Университет Президенті Шигео Катсу оқу орнының жоғары білім мен ғылымды дамытудағы рөлі, сондай-ақ қазіргі нәтижелері мен жетістіктері туралы айтып берді.
 
Сапар аясында министр бастаған делегация НУ Бас жоспарымен, ЖОО-ның ғылыми-зерттеу және білім беру инфрақұрылымымен танысты, бірқатар зертханаларды, соның ішінде нанолитография; электрондық микроскопия; энергияны сақтауға арналған озық материалдар мен жүйелер; өмір туралы ғылымдар орталығы (National Laboratory Astana) геномдық және дербестендірілген медицина, сондай-ақ Энергетикалық ғарыш зертханаларын аралады.
 
Өмір туралы ғылымдар орталығының геномдық және дербестендірілген медицина зертханасының ғалымдары қонақтарға Қазақстанда алғаш рет NGS технологиясын қолдану арқылы қазақтардың толық геномдарын анықтау, сондай-ақ олардың генетикалық құрылымын зерттеу бойынша зерттеулер қалай жүргізіліп жатқанын айтып берді.
 
Энергетикалық ғарыш зертханасында ғалымдар жылдам өтпелі процестерді, криогендік детектор кешенін, электрониканы сынау және құрастыру зертханасын оптикалық бақылау үшін қолданылатын Қазақстанның ең жылдам телескопы Nuttella-TAO жұмысының нәтижелері туралы бөлісті.
Делегация Назарбаев Университетінің (NURIS) инновациялық кластерінің «Digital creativity Lab» цифрлық және креативті технологиялар зертханасына барды.
EL.KZ
Бөлісу: