Саясат Нұрбек Сауд Арабиясындағы ғылыми институттарды аралады

11 Желтоқсан, 01:36 285
COP16 аясындағы Сауд Арабиясына сапары барысында Саясат Нұрбек «Ғылым қоры» АҚ басқарма төрағасы Камиль Акатовпен бірге RDIA-мен келіссөздер жүргізді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
 
Кездесу барысында тараптар қазақстандық ғалымдарды бірлескен жобаларға тарту, Сауд Арабиясының жетекші университеттерінде тағылымдамалар ұйымдастыру және RDIA ресурстарын пайдалана отырып қазақстандық ғылыми жобаларды кеңейту мәселелерін талқылады.

Министр сонымен қатар Академиялық хаб құру бастамасын ұсынып, елдің ғылыми әлеуетін нығайтуға бағытталған “Ғылым және технологиялық саясат туралы” заңға енгізілген жаңалықтармен таныстырды. Кездесу қорытындысы бойынша белгіленген мақсаттарды жүзеге асыру үшін іс-қимыл жоспарын әзірлеу туралы келісімге қол жеткізілді.

Сонымен қатар NDTP ұйымымен кездесу өтіп, онда deeptech жобаларын дамыту, оларды кеңейту және Парсы шығанағы елдерінің (GCC) нарығына шығару мәселелері талқыланды. Келіссөздер барысында тараптар SciTech экожүйесін құрудағы тәжірибе алмасу мүмкіндіктерін, сондай-ақ Орталық Азия мен MENA аймағындағы deeptech бастамаларды қолдау үшін бірлескен венчурлық қорларды іске қосуды қарастырды.

NDTP мен Ғылым қоры арасындағы ынтымақтастыққа ерекше назар аударылды, өйткені жаңа “Ғылым және технологиялық саясат туралы” заң аясында Ғылым қоры қосымша өкілеттіктерге ие болды. Кездесу нәтижесінде бірлескен жобаларды жүзеге асыру және серіктестікті нығайту бойынша нақты қадамдарды әзірлеу туралы келісімдерді талқылады.

Нәтижесінде, министр Сауд Арабиясы бірлескен ғылыми зерттеулер жүргізу үшін пайдалануды ұсынған KACST зертханаларын және халықаралық стартаптарды, соның ішінде қазақстандық компанияларды біріктіретін The Garage технологиялық хабын аралады. Оған қоса қазақстандық ғылыми және технологиялық жобаларды Сауд Арабиясы арқылы GCC және MENA нарықтарына ілгерілету туралы келісімдер өтті. Бұл Қазақстандағы ғылым мен инновацияларды дамытуға және халықаралық ынтымақтастықты нығайтуға жаңа мүмкіндіктер ашады.
Зарина Арман
Бөлісу: