Сауытбек Абдрахманов: Ботай мәдениеті - қазақ өркениетінің матрицасы

5 Ақпан 2019, 12:05 2862

Астанадағы Достық үйінде Қазақстан Республикасы Парламент Мәжілісінің депутаты - ҚХА депутаттық тобының жетекшісі, Қазақстан Республикасы Парламент Мәжілісінің әлеуметтік-мәдени даму комитетінің мүшесі Сауытбек Абдрахманов ҚХА этномәдени бірлестіктерімен кездесуде.

Оның барысында Сауытбек Абдрахманов ҚХА депутаттық тобының қызметі жөнінде әңгімелеп берді. Сонымен қатар, Елбасының «Ұлы Даланың жеті қыры» бағдарламалық мақаласы төңірегінде ой өрбітті. Нақтырақ айтсақ, Ботай мәдениеті, оның ішінде жылқыны қолға үйрету туралы ойын ортаға салды. «Ботай мәдениеті – қазақ халқы мәдениетінің матрицасы деуге толық негіз бар», – деп атап өтті спикер.

Өз кезегінде елордалық ҚХА қызметі және алдағы Жастар жылының жұмыс жоспарлары туралы Астана қаласы Қазақстан халқы ассамблеясы хатшылығының меңгерушісі Ляззат Кусаинова, «Вайнах» шешен-ингуш мәдени орталығының құрметті төрағасы Салман Героев және Астана қаласы бойынша Қазақстан халқы ассамблеясының «Жаңғыру жолы» республикалық жастар қозғалысының жетекшісі Наталья Карагеур баяндамақ.

Сонымен қатар, дөңгелек үстел қатысушылары Парламент Мәжілісінің депутатына қызықтырған сұрақтарын қойып, жауап ала алады. Меймандарға Достық үйі, Астана қаласындағы этномәдени бірлестіктерінің жұмыс жағдайлары таныстырылады.

Бөлісу: