Сауық ЖАҚАНОВА: "Радиоға шақырса, тіпті жалақы да сұрамас едім"

31 Шілде 2014, 09:30

Сауық ЖАҚАНОВА, Қазақстан Республикасының еңбек сiңiрген әртісі.

Сауық ЖАҚАНОВА, Қазақстан Республикасының еңбек сiңiрген әртісі.

– «Қазақ» радиосынан даусыңызды естiмегелi бiрнеше жыл болды. Қазақ тыңдармандары Сiздi iздейдi. Бүгiнгi жай-күйiңiз туралы бiлгiсi келедi. Қазiр қайда жүрсiз?

– Мен қазiр Темiрбек Жүргенов атындағы Ұлттық өнер академиясының «Сахна тiлi» кафедрасында дəрiс оқып, шəкiрт тəрбиелеп жүрмiн. Осы оқу ордасында жүрiп жазған «Сөйлеу техникасы» деп аталатын кiтабым да жарық көрдi. Оның сыртында еңбегiмдi бағалап, ел-жұрт, Үкiмет берген атақ-дəрежелерiм тағы бар.

Өнер академиясында дəрiс оқып жүр екенсiз. Сонда Сiз осы өнер саласында кандидаттық диссертация қорғадыңыз ба?

– Жоқ. Мен жоғары оқу орнын бiтiргелi берi елдiң, халық-тың назарында болдым. Олар менi жақсы бiледi, қолдан келгендерiнше сыйлайды. Құрмет тұтады. Iлгерiде Үкiмет те «Қазақстанға еңбек сiңiрген артист» деген атақ берiп, «Құр-мет белгiсi» орденiмен марапаттаған болатын. Осы атақ-дəре-желерiмдi ескерiп, Өнер академиясы маған доценттiк атақ беру туралы Жоғары аттестациялық комиссияға ұсыныс жасады. Олар бiр ауыз сөзге келмей, маған «доцент» деген атақ бердi.

Былтыр ҚазҰУ-де де дəрiс берiп жүр едiңiз...

– Иə, ҚазҰУ-дың журналистика факультетi телерадио ка-федрасында 5 – 6 жылдай «Мамандыққа баулу» пəнiнен дəрiс оқыдым. Ондағы басшыларға еш өкпе-ренiшiм жоқ. Қиналып жүрген кезде қолұшын берiп, көмектестi. Белгiлi себептермен биыл ол жерден қол үзiп қалдым. Келер жылы ондағы қызметiмдi қайта жалғастырамын деген ойдамын.

Қазақ радиосынан неге кеттiңiз?

– 1999 жылы халық сүйiп тыңдайтын «Шалқар» бағдарламасы жабылды. Бұл бағдарламаны тек Қазақстанның емес, со-нымен бiрге шет елдерде тарыдай шашырап жүрген қазақ тыңдармандары да тыңдайтын. Сол кезде Орта Азия елдерiн айтпаған күннiң өзiнде, Қытай, Моңғолия, Ресей, тiптi Канада-дан хаттар келiп тұратын. Олар қазақ тiлiнде шығатын газет-журналдарды алып, оқып тұра алмайды. Атамекенiнен жырақта жүрген соң елi мен жерiн аңсайды. Атажұртында болып жатқан жаңалықтарды бiлгiсi келедi. Ана тiлiн, халқының əн-жырын естiгiсi келiп тұрады. Сондықтан «Шалқар» бағдарламасын тыңдайтын. Осының бəрiн ескермей, Қазақ радиосының басшылығы «қаржы жоқ» деген желеумен «Шалқарды» бiр күнде жапты да тастады. Бағдарламаның жабылуына қарсылық бiлдiрiп, басшыларға хат жаздық. Сол хатқа ең алғашқылардың бiрi болып қол қойып, бастыққа алып кiрген де мен едiм. Бұл жеке бастың қамын ойлап, күйiн күйттеу емес қой. Соған қарамастан қысқартуға бiрiншi болып iлiктiм. Менiң соңымды ала бiраз журналистер мен дикторлар жұмыссыз қалды. Содан жаз бойы үйде жұмыссыз отырдым. «Ел болған соң ер тудырмай тұра алмайды» демекшi, өнерге жаны ашитын азаматтар əлi де бар ғой. Сондай зиялы адамдардың бiрi Тiлеубек Қышқашбаев: «Сiз бiзге керек мамансыз. Сiздi қызметке аламыз» деп жұмысқа қабылдады.

Егер Сiздi жұмысқа қайта шақырса, радиоға барар ма едiңiз?

– Егер əдеби-музыкалық хабарларды оқуға шақырса, барар едiм. Тiптi, соған жалақы да сұрамас едiм.

Қазiргi қазақ радиосының бет алысы, бағыт-бағдары қалай? Кəсiби маман ретiнде не айтасыз?

– Жаман емес. Жиi тыңдап тұрамын. Бiрақ эфирге шығып жүрген жастар сөйлеу тiлiмен сөйлемейдi. Олар сөз қалай жазыл-са, дəл солай оқып бередi. Тiптi, оқыған кезде де қазақ тiлiндегi iлгерiндi-кейiнгi ықпал, үндестiк заңы – сингорманизм, қатаң, ұяң, жiңiшке дыбыстарды дұрыс оқымайды. Қазақ тiлi құлаққа өте жағымды естiледi. Оны жасанды қылып, ауызды майысты-рып, əуре болудың қажетi жоқ. Менiң «Сөйлеу техникасы» деп аталатын кiтабымда мұның бəрi егжей-тегжейлi айтылған.

Əңгiмеңiзге рақмет! 

Ермахан ШАЙХЫҰЛЫ, «Ағынан жарылсақ», 2004 ж.

Бөлісу: