Саусағындағы сақинасын шеше алмаған оқушы балаға құтқарушылар көмекке келді

17 Наурыз 2024, 10:05 950

Саусағына сақина таққан қызылордалық оқушы бала кейінірек оны шеше алмай қиналды. Жасөспірімге құтқарушылар көмегі қажет болды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Оқиға Қызылорда қаласындағы “Дарын” оқу орталығында болған.

Жедел құтқару жасағына оқушының саусағындағы сақинасын шешу қажеттігі туралы хабарлама келіп түскен. Құтқарушылар арнайы слесарлық құралдармен саусақтағы сақинаны шешті.

Аталмыш оқу орталығының мұғалімі Жәуке Абзал құтқарушыларға алғыс білдірді.

Оқи отырыңыз: 

Жансая Тәуекелқызы
Бөлісу: