Саусақтағы суреттер!

4 Сәуір 2014, 06:51

Бұл суреттердің авторын табу әрине мүмкін емес.

Бұл суреттердің авторын табу әрине мүмкін емес. Десе де екінің бірі жасай алмайтын, қабілеттен бөлек қиялды талап ететін өнер түрі. Қысқасы саусақты сөйлету. 

1. Әрине, барлығында адамдар бейнеленген. Адамның әр жағдайдағы көңіл-күйі, іс-қимылы бар. Сондай-ақ, бұл суреттер шарж бен карикатура секілді үлкен маңыз атқарып тұр. 

2. Жалпы саусақтың атқаратын қызметін "саусақпен санап" тауыса алмаспыз. Енді міне нағыз достықты, басқосуларды осы саусақпен көрсетіпті. 

3. Мұнда адам басында болатын сан түрлі жағдай саусақтың ұшында көрсетіліпті. Үйлену, үй болу, оққа ұшу сияқты.

4. Фломастер болса, кез келген саусаққа "жан бітіруге" болады. Тек қандай жағдайды суреттейтініңізді біліп алғаныңыз жөн. 

5. Мұнда автор барлық саусақтарын пайдалануға тырысыпты. Кұрделі болса да, ойын жеткізе білген. 

Бөлісу: