13 Сәуір 2015, 11:43
- Алғашқы ойынды Финляндиямен өткіздік. Алдымен Эстонияда жиналып, бір ғана жаттығу жасадық. Кейін пароммен Хельсинкиге жетіп, сол күні жергілікті футболшылармен ойнадық. Оның үстіне тоғыз футболшы Қазақстан жастар құрамасына алғаш рет шақырту алған еді. Сол себепті алаңдағы ойыншылардың байланысы жөнінде айту қиын. Финляндия жастар құрамасының сапында мёнхенгладбахтық «Боруссия», англиялық «Бредфорд», франциялық «Монако» командаларының ойыншылары бар. Фин футболшылары жақсы ойнайды және физикалық жағынан мығым. Бұл ойын бізді қанағаттандырмады.
Кейін бір апта жаттығуды жалғастырып, Эстония жастар құрамасымен кездестік. Эстония футболшылары да күш салатын ойын үлгісін қолданады. «Лацио» мен «Рединг» жүйесінде ойнап жүрген футболшылар бар. Фин футболшыларымен өткен ойында ештеңе жасай алмасақ, эстониялықтармен болған кездесуде алғашқы 15 минут қиынға түсті. Стандарттан гол өткізіп алдық. Кейін ойынға еніп, алаңда толықтай үстемдік орнаттық. Сол себепті жеңіске жеттік.
Оқу-жаттығу жиынының екі мақсаты болды. Бірінші - жаңа футболшыларды қарау, екінші - команданы іріктеу турниріне дайындау.
- Құрамаға шақыртылған неміс футболшылары қандай әсер қалдырды?
- Бергердің денсаулығы сыр беріп келді, жиын барысында сырқаты күшейе түсті. Сондықтан ол тек бірінші матчқа қатысты. Ал, қалған футболшылардың ойынына көңілім толды. Оның үстіне Саханенко барлық ойыншылардан үш жасқа кіші.
- Достастық Кубогы мен Эстонияда өткен оқу-жаттығу жиынындағы Қазақстан жастар құрамасының айырмашылығы қандай? Әсіресе, Қазақстан чемпионатының басталғанын ескеріп өтсек...
- Қаңтарда біз тоғыз күннің ішінде команда жасақтап шығардық. Кейін Достастық Кубогына қатыстық. Тек қана турнирдің соңында өзара түсіністік пайда болды. Сол уақыттан бері тура екі ай өтті, барлығын жаңадан бастадық. Санкт-Петербургте өткен турнирге қатыспаған тоғыз футболшы шақырылды. Яғни, ойыншыларды іздеу жалғаса бермек, бізге бірнеше позицияны күшету қажет. Резервті қарастырамыз, дегенмен команданың негізі қазір құрылу керек екенін түсінеміз. Ойынның мазмұнына тоқталсақ, Финляндиямен өткен ойынға қарағанда Эстониямен өткен матчта жоғары болды. Бір апта бірге жүргізген жаттығу жемісін берді. Ал, бірден ойнай алмаймыз.
- Жиын алдында Финляндия мен Эстония ойыны норвегиялық футболға ұқсас деп айттыңыз. Норвегияға қарсы дайындық жүргізе алдыңыз ба?
- Жолымыз бола кетті. Эстония бізді шақырған еді, оның үстіене Финляндиямен кездесу өткізуді ұйымдастыра алдық. Бұл Норвегиямен өтетін ойынға дайындық емес, бұл скандинавиялық ойын үлгісімен танысу болды. Сол себепті бірінші кезекте бізді басқа қарсылас күтіп тұр. Олар - Босния және Швейцария құрамалары. Футболшылар скадинавиялық стиль туралы мәлімет алды. Командалардың тек қана күш салып футбол ойнамайтынын, техникалық жағына көп көңіл бөлетінін түсіндік. Сонымен қатар, Финляндия футболшыларының Норвегия құрамасынан әлсіздеу екенін ескерген жөн.
- Қазақстан жастар құрамасының іріктеу турниріне дайындығы бойынша алдағы жоспарлары қандай?
- Бір орында тұрып қалмау керек, алғашқы ойындарға бағытталған дайындық болуы тиіс. Ресми матчқа дейін үш оқу-жаттығу жиыны өтеді. Екі жиынның УЕФА күнтізбесіне сәйкес келмейтінін ескерсек, біз төрт ойын өткіземіз. Қазақстанда өтетін оқу-жаттығу жиынына қарсыласты іздеп жатырмыз. Өзбекстан жастар құрамасымен келісімге келуіміз мүмкін. Олардың жастары әрқашан мықты саналады. Кейін Еуропаға шығамыз, ол жақта босниялықтарың ойын үлгісіне ұқсас құрамалармен жолдастық матч өткізу ойымызда бар.
Біздің мақсатымыз - ойыншылардың саны бойынша ыдыратып жіберу емес, Қазақстан жастар құрамасының намысын қорғайтын негізгі ойыншыларды бір жерге шоғырландыру.