Сауда-саттыққа шығарылған ұшақтарды жоюға қатысты ақпарат шықты

15 Қараша 2023, 01:30 693

Өнеркәсіп  және құрылыс министрлігі түсініктеме берді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Көрсетілген 117 бірлік авиатехника (МиГ-23УБ, МиГ-27, МиГ-29, МиГ-31, Су-24МР) Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің бұйрығына сәйкес пайдаланылмайтын мүлік тізбесіне енгізілген және оны Қазақстан Республикасының аумағында кесу әдісімен кәдеге жарату арқылы жою шартымен электрондық сауда-саттықта (тендерлерде) оны жоюдың міндетті шартымен өткізуге жатады.

Қойылған мүлік, өзінің техникалық жай-күйі мен пайдалану мерзімінің түрі мен мақсаты бойынша әрі қарай пайдалануға жарамсыз және үшінші тұлғалардың пайдалануын болғызбау мақсатында кәдеге жарату (кесу және т.б.) жолымен жоюға жатады.

Берік Арманов
Бөлісу: