Сауда министрі жұмыс сапарымен Қытайға барады

7 Тамыз 2023, 20:02 976

ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – сауда және интеграция министрінің ҚХР-ға жұмыс сапары туралы белгілі болды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

2023 жылғы 13-17 тамызда тауар айналымын ұлғайту және Қытай тарапымен сауда-экономикалық байланыстарды жолға қою мақсатында ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – Сауда және интеграция министрі Серік Жұманғариннің Қытай Халық Республикасының – Шэньчжэнь, Шандун, Бейжің және Үрімші қалаларына жұмыс сапары жоспарлануда.

Сапар аясында бірлескен кәсіпорындар құру, ет өнімдерінің экспортын ұлғайту, инвестициялар тарту және көлік-логистикалық ынтымақтастық саласында екіжақты келіссөздер жүргізу жоспарлануда.

Қазақстандық делегация Үрімші қаласында өтетін «Қытай-Еуразия» ЭКСПО халықаралық көрмесіне барып қайтады.

Перизат Саденова
Бөлісу: