Сауд Арабиясы ЭКСПО-2017 көрмесінде жоғары техгологиялық жобаларын ұсынады

2 Мамыр 2017, 11:05 2921

Көрме жаңалықтары

Көрме ұйымдастырушысының кеңсесінде "Астана ЭКСПО-2017" ҰК" АҚ Басқарма Төрағасы Ахметжан Есімов пен Сауд Арабиясы Корольдігінің энергетика, өнеркәсіп және минералды ресурстар министрі Халид әл Фалихпен кездесу өтті.

Кездесу барысында Ұлттық компания басшысы министрді ЭКСПО-2017 көрмесінің дайындығы мен құрылыс ахуалымен таныстырып өтті.

«Барлық жұмыстар аяқталу кезеңіне таяу. Қазіргі кезде қатысушы мемлекеттер павильондарын толтырумен қарқанды айналысуда. Сіздің елдің павильоны келушілер саны және контенттік мазмұны жағынан тартымды болатынына сенімдімін», - деді А. Есімов.

Халид әл Фалихтің айтуынша, Сауд Арабиясының ЭКСПО-2017 көрмесіне қатысуы екі елдің экономикалық қарым-қатынасының күшейюіне септігін тигізбек.

«Біздің ел карбоннан жоғары технологиялық өнімдер шығарады. Көрмеге осы сала бойынша жаңа жобалар алып келеміз», - деді министр.

Бөлісу: