Сауд Арабиясында қазақ сүті балмұздаққа айналады

5 Тамыз, 14:07 562

«Шин-Лайн» және «Al-alameya Group» ірі компаниялары ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды, оның аясында қазақстандық сүт Сауд Арабиясында өндірілетін балмұздақтың негізіне айналады. Қол қою рәсімі Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиевтің қатысуымен өтті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Аймақ басшысы келісімнің екі тарап үшін маңыздылығына тоқталып, оның сәтті жүзеге асатынына сенім білдірді.

Қазақстандағы белгілі сүт өнімдерін өндіруші «Шин-Лайн» жоғары сапалы сүтті тұрақты жеткізуді қамтамасыз етеді. Сауд Арабиясының тамақ өнеркәсібінің көшбасшысы «Al-alameya Group» бірегей рецепт арқылы балмұздақ шығаратын болады.

«Біз қазақстандық серіктестермен ынтымақтасуға қуаныштымыз. Таңдаулы қазақ сүтінен жасалған балмұздақ тұтынушылардың көңілінен шығатынына сенімдіміз, - деді «Al-alameya Group» иесі Шауки Абдулсатар Абду Сыдық.

Осы ынтымақтастық аясында жасалған балмұздақтың алғашқы партиясы келесі жылы Сауд Арабиясының дүкен сөрелерінде пайда болады деп күтілуде.

Мадина Асылбекова
Бөлісу: