Сауд Арабиясында Солтүстік әл-Джауф аймағындағы шөлдің бір бөлігін қар басып қалды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Бірнеше күн бұрын аймақтың кейбір бөліктеріне бұршақ аралас жаңбыр жауған. Сенбіде таулы аймақтарға қар жауған.
Елдің бұл бөлігінде ауа температурасының бұлай төмендеуі сирек болатындықтан, күзгі қар жергілікті тұрғындар үшін күтпеген жағдай болды.