Сәтбаевта жасөспірім екі қатарласын пышақтаған

21 Тамыз, 15:49 1033

20 тамызда Сәтбаев қаласында кәмелетке толмағандардың қатысуымен жанжал болды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

ҚР ІІМ мәліметінше, облыстық ПД Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері оқиғаның барлық қатысушысын жедел анықтаған.

Жанжал кезінде 16 жасар жасөспірім 16 және 17 жастағы екі баланы пышақпен жарақаттаған. Қазіргі уақытта ол уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды. Осы факті бойынша қылмыстық іс қозғалды, тергеу жүргізілуде, - делінген мәліметте.

Сонымен қатар жанжалға қатысушы жасөспірімдердің ата-аналары бала тәрбиелеуде өз міндеттерін тиісінше орындамағаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Мадина Асылбекова
Бөлісу: