Сәтбаев университетінде минералогия мұражай-аудиториясы ашылды

28 Желтоқсан 2022, 15:41 1302

Бұл туралы Ғылым және жоғары білім министрлігі мәлім етті

Сәтбаев Университетінде 2022 жылдың қорытынды нотасы ретінде Қ. Тұрысов атындағы Геология және мұнай-газ институтында өткен Пайдалы қазбалар галереясы мен Минералогия мұражай-аудиториясының ашылу салтанаты болды, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.

Оған әлемнің түкпір-түкпірінен түрлі минералдар мен тау жыныстарының 15 мыңнан астам үлгілері ұсынылды.

Пайдалы қазбалар коллекциясы 1934 жылдан бастап жиналды. Дүние жүзін көп аралаған геологтар тапқан ерекше жәдігерлерін Сәтбаев Университетіне әкелді, сөйтіп жинақ бүгінгі күнге дейін толығып келеді. Музейдің бірегейлігі – мұнда тек Сәтбаев Университетінің Минералдар галереясында ғана кездесетін минералдардың бірнеше мың түрі бар.

Пайдалы қазбалар галереясы мен Минералогия аудитория-музейінің ашылуы «Kazakhmys Barlau» университетінің өндірістік серіктестері мен «Qazaq Geophysics» қолдауымен жүзеге асты.

EL.KZ
Бөлісу: