Елордалық көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы Сарыарқа-Ә.Жангелдин көшелерінің қиылысында жол төсемінің жоғарғы қабатын төсеу жұмыстарын жүргізіп жатқанын мәлімдеді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Астана әкімдігінің ақпараты бойынша, 24 маусым күні сағат 07:00-ден бастап 25 маусым, сағат 07:00-ге дейін жоғарыда аталған қиылыс толығымен жабылады.
Елорда тұрғындары мен қонақтарынан қала жолдарындағы кептелістерді болдырмау мақсатында өз маршруттарын алдын ала жоспарлауды сұрап отыр.