Қасиетті Қазақстан: Қарағанды облысындағы тарихи-мәдени ескерткіштер

31 Тамыз 2021, 23:12 7807

Ұлытау тарихының қалың қатпары арғы заманның еншісінде жатыр. Археологиялық және тарихи зерттеулер Ұлытау төңірегінде қайнаған өмірдің, гүлденген мәдениеттің, талғампаз сәулет өнерінің көне заманнан үзілмей жалғасып келе жатқанын дәлелдеп отыр. Осы Ұлытау даласында жатқан тарихи-мәдени ескерткіштердің ішінде тас мүсіндердің орны ерекше. Назарларыңызға осы өңірде жатқан тас мүсіндердің тарихын ұсынғанды жөн көрдік.  

Ұлытау төңірегіндегі тас мүсіндер

 

Орталық Қазақстандағы тас мүсіндер қашан да болсын таулы Бұйраттардың шығысқа қарай көсіліп жатқан жазық алаңында немесе өзен аңғарларының тау жақ етегінде кездеседі. Мұндай алаңдар ежелгі мал өсіруші тайпалардың қызықтап әуестеген жерлері болған. Халықтың ұлы мерекесі, өлген адамына ас беру, ат шаптыру, балуан күрестіру қашан да сондай жазық алаңда өткізілетін болған. Сондықтан ондай жерлер халық аңызынан белгілі орын алып, ел есінде сақталатын, тарихи ескерткіштер – шарбақ тас, мүсін тастар тұрғызылып отырған.

 

Сыртқы құрылысы бойынша тас мүсіндер екі түрде кездеседі: бір тобы граниттен жасалған төрт бұрышты тас тпарбақтың күншығыс жиегінде, екінші тобы үйген тас обалардың күншығыс жақ етегінде. Тас мүсіндердің бұлай кездесуі екі түрлі дәуірді көрсетеді: бірінші тобы VI- VIII ғғ. Түркі қағанаты кезіндегі жұртіпылық салтымен байланысты болса, екінші тобы VII-ХIII ғғ. Орталық Қазақстанды мекендеген Қыпшақ тайпаларына қалған ескерткіш екенін білдіреді. Тас мүсіндердің әр дәуірде әр түрлі жасалуы өте заңды нәрсе, бірақ онымен қабат екі дәуірде жасалған тас мүсіндердің екі тобы да пелам дінінен бұрынғы бақташы тайпалар қолданған салт-сана түрін еске түсіріп, негізін айға, күнге, жұлдызға табынуға сүйеген. Сойың дәлелі ретінде тас мүсіндердің қай тобы болса ла олардын беттері әркашан күншығысқа қарап тұрады.

 

Тегінде мұндай тас мүсіндер әрбір өлген адамға ескерткіш ретінде орнатылған, сондықтан олардың ор қайсысы өлген адамның келбетіп бейнелейді деуге болады. Бұл сияқты жеке адамның келбетін бейнелейтін мүсіндер Орхон жазуларында «бәдіз» (бсзсу) деп аталған. Әрбір мүсін тас тұрған шарбақтардан шығысқа қарай созылып тік орнатылған тас бағаналардың тізбектері тұрады, оларды Орхон жазуларында «балбал» деген. Балбалдардың тізбегі 15 метрден 200 метрге дейін созылады, кейде одан да асады. Бұл тау бауырындағы жазық алаңда белгілі бір тәртіппен орнатқан тас мүсіндер тасбағаналар, тас шарбақтар тобы зерттеушіге бір үлкен құрылыстың сілемі сияқты көрініп, құлазыған даланы сұлулыққа бөлегендей болады.

 

Сөйтіп Орталық Қазақстандағы тас мүсіндер әрбір өлген адамның тастап қашап жасаған скульптуралық кескіндері болып табылады. Адам тұлғасын жасағанда көне заманнын безеуші-шебері (бәдізші) көбінесе  берік материалдарды, әсіресе транит, диорит, сиенит, габбро, құмайт, мергель, кейде диабаз сияқты, әр түрлі тақталы тастарды пайдаланған.

 

Мұндай тастар Орталық Қазақстанда орасан көп. Өңделуі жағынан алғанда Орталық Қазақстанның тас мүсіндері бір қалыпты емес. Олардың көпшілігі адам бейнесінің тек нобайын көрсететін дөрекі түрде жасалған. Сондықтан олардың сапасының әр түрлі болып жолығуының ішкі себебі болуға тиісті. Біріншідей, ол ескерткіштер қандай әлеуметтік орындағы адамға арналған, екіншіден, безеуші-шеберлердің ісмерлігіне қарай олардың біреуі артық, біреуі кем болуы өте заңды.

 

Түркі мезгілінің тас мүсіндері көбінесе батырларды, қолбасы көсемдерді, атақты билерді, абыздар мен жұлдызнамашыларды, жыршылар мен бақташыларды суреттейді. Мүсіндер әдетте төрт бұрышты тас шарбақтардың шығыс жиегінде, беті шығысқа қарап тұрады. Батырлар мен қолбасы көсемдер мүсіндерінің алдында самаладай тізіліп балбалдар қатары суреттеледі. Ондай балбалдардың сапы кейде 200-ге жетеді.

 

Қыпшақ жұртынан қалған тас мүсіндерде бұрынғыға қарағанда едәуір өзгешеліктер бар. Біріншіден, мұндай мүсіндер тас шарбақтардың жанына қойылмай, ұзыны мен ені бірдей өлік арулаған үйме тастың жанына (VIII-ІХ ғасырлар), не тас обалардың (Х-ХIII ғасырлар) шығыс іргесіне орнатылған. Қыпшақ жұртшылығы кезінде жасалған тас мүсіндер тобында балбалдар тізбегі бүтіндей жоқ, ер адамдардың мүсіндері әскери қарулармен безендірілмеген. Алайда, бұрыннан қалыптасқан тарихи дәстүрлер, этнографиялык нышандар, мәселен, құты сауыт, айдар, ұзын мұрт, бөрте сақал суреттері кездесіп отырады.

 

Қыпшақ жұртшылығы кезіндегі бір жаңалық, мұнда жұрт ардақтаған ерді еске түсірумен бірге, ел ішіндегі атақты зайыптарды, Қыз Жібек сияқты асқан сұлуларды да еске түсіріп, оларға да мүсін тас қойып отырған. Әйелдерге арналған тас мүсіндер Орталық Қазақстанда бірнеше топқа бөлінеді: жас қыздарды суреттейтін мүсіндер (қыз-тас), сәукеле киген келіншекті бейнелейтін мүсіндер (келіншек-тас), мосқал әйелді бейнелейтін тас мүсіндер (тас-кемпір). Кемпірдің тас мүсіні тұрған жерде кейде бақташы ер адамның мүсіні қатар тұрады. Бұл екеуінің өзгеден ерекшелігі екі қолын бауырына қусырып, кіндігінің үстін ала сопақ құты сауыт (не көнек) ұстап тұрады. Демек бұл жұмбақ суреттер ол екеуінің  малмен, оның ішінде сауын малымен тығыз байланысты болғанын көзге ашық елестетеді. Жас әйелдерді бейнелейтін тас мүсіндерде мұндай ыдыс-аяқ суреттері кездеспейді, онда тек әйелдің өз сипаты ғана көрсетіледі.

 

Орталық Қазақстанның тас мүсіндері соңғы жылдары (1946-1982) ғана толық зерттелді. Зерттеулер нәтижесінде мүсін тастардың көптеген топтары табылды. Бұл жерде біз Ұлытау төңірегіндегі тас мүсіндерді сөз етпекшіміз.

 

Археологтардың зерттеулері бойынша тас мүсіндер Орталық Қазақстанда бұрын өте көп болған, бірақ кейін олардың бір талайы құлап, бүліншілікке ұшыраған, біразып жолсоқты адамдар қопарып алып кеткен, не сындырып орнында қалдырған. Тәуір сақталғандары тек естелік шарбақтар мен балбалдар тізбектері ғана, олардың өзі де не жығылып, не бұзылып жатқаны байқалады, бұл тастарда адам бейнесі жоқ. Ерте кезде әрбір тас шарбақтың тұсында бір тас мүсін тұратын болған, олар өздерінің сәулетті түрімен Орталық Қазақстандагы тау аңғарларын жандандырып, сай-саланың сәнін келтіріп тұрған. Қазір мұндай әсем мүсіндердің саны бірнеше рет кемінен.

 

Жанында тас мүсіндер тұрған естелік шарбақтар әрқашан төрт бұрышты құрылыс түрінде кездеседі, олардың қабырғалары қырынан қойылған жалпақ гранит қақпақ тастан жасалған.

 

Тас шарбақтар мен мүсіндердің Орталық Қазақстанда тобымен кездесетін ну жері, әсіресе Ұлытау ауданы, Ұлытау мен Арғанаты тауының алаңдары. Бұл өлкедегі тас мүсіндер тобының бір талайы табылып, жақсы зерттелгендіктен, олар белгісіз болып келген мәселелердің бетін ашуға мүмкіндік туғызғандай. Жергілікті қазақ қарияларының айтуына қарағанда бұл маңда «тас батырлар» бұрын өте көп болған. Ұлытау төңірегінен, оның ішінде Жанғабыл өзенінің бойынан, Тоғызбай көлі жағасынан, Өре-Зайыр деген жерден (Ұлытаудың солтүстік етегі) тас мүсіндердің бірнеше тізбегі қағаз бетіне түсірілген. Сол сияқты Жетіқыз өзенінің бойындағы, Қорғантастағы (Едіге тауының етегі), Жылысай алаңындағы (Ұлытаудың онтүстік-батыс етегі), Қарағанды өзенінің бойындағы (Ұлытаудың оңтүстік-шығыс етегі), Қара Кеңгір өзенінің басындағы (Қос үйтас), Арғанаты (Мың) тауындағы, Қара Торғай, Терісаққан өзендерінің бас жағындағы тас мүсіндердің құнды топтары сараланды.

 

Бұл ескерткіште көзге ерекше түсетін көріністің бірі бағана тас тізбектері. Сол кездегі халық салты бойынша бағана тас тізбектері тарихи адамға арналған тас мүсіннің алдында, шығысқа қарай белгілі ретпен шұбыра тізбектеліп орнатылған: бағана тастардың бірімен бірінің арасы 4 метрдей. Айтылып отырған мүсін тастың алдында осындай бағана тізбектердің 12-сі бар. Ту баста бұл бағаналар тігінен қадалған, бірақ бертін келе көбі жығылып қалған. Тізбектердегі бағана (балбал) тастардың әрқайсысы жеңілген жаулардың ие бағынатын елдің басшыларының тізе бүгіп, бас иіп тұрғанын көрсететін болған. Түркілердің өлген адамды жерлеу жорасы туралы Қытайдың «Тан-Шу» атты шежіресінде былай делінген: «олардың әдеті қайыр үстіне үй жасап, оның ішіне жерленген кісінің тасқа қашап түсірген тұлғасын қояды, онымен қатар оның соғыста ісгеген ерліктерін жазады. Егер әлгі кісі жаудың бір адамын өлтірген болса, оның ескерткішінің алдына бір тас қояды. Көп өлтірсе, көп қояды».

 

Тас шарбақтар тарихи адамдарды жерлеген қабыр емес, тек оларды еске түсіру үшін ас беріп, ат шаптырған жерлерге қойылған белгілер. Сондықан тас шарбақ пен тас мүсіндер қашанда болсын мидай жазық жерде, не өзендердің жазық арпасында кездесіп отырады.

 

Естелік шарбақтар мен бағана тас тізбектері Орталық Қазақстанның әр түкпірінде жиі кездеседі. Олардың шығып қалыптасуы тегінде ерте замандағы ерлік оқиғалармен байланысты болуға тиіс. Жанама деректердің көрсетуі бойышша бұл ескерткіштер Түрік қағанаты тарихының алғашқы кезіне орай келеді. Мұндай ескерткіштер VІ-VII  ғасырларда болған соғысты еске түсіріп, соғыс үстінде ерлік көрсеткен ерлерге арналған. Жылысай мен Арғанаты тауындағы мүсін тастар сондай соғыста ерлік көрсеткен ерлердің құрметіне арналып, соларды еске түсіру мақсатымен жасалған. Ол кездегі халықтың жорасы бойынша, әрбір алып батырды еске түсіру үшін тұрғызған мүсіп тасының алдынан далаға қарай шұбыртып балбалдар (бағана тас) тізбектерін орнататын болған. Бағана тас тізбегін орнататын әрбір тайпаның өкілдері болған. Бұл халық жорасының негізі Орхон жазуларында ашық көрсетілген. Тегінде балбалдар тізбегі тарихи жасаған ер алыптың басынан кешірген ерлік істерін сипаттайтын, соның куәлігі деуге болады.

 

Олардың бір талайының бас тұлғасы, кеудесі, асынған қару-жарағы, тостағанмен қымыз ішіп отырған отырысы, жалпы кескіні өте көркем, әдемі түрде кездеседі. Олардың ішінде аса таяққа сүйенген кемеңгер қарттың, елегізіп отырған ақын-жыраулардың, құс салып жүрген аңшы-серілердің келбеті де ұшырайды. Олардың қолына ұстаған тостаған, сауыттары да өте сәнді, қаз мойып, түбінен бармақпен ұстайтын әдемі сауыттар.

 

Обаның қасында тұратын мүсіндер көбінесе бейбіт тұрмысты, қарапайым адамды, әйелді суреттейді, қарттардың, мал бағатын кісінің, абыз-жұлдызшының, жайшылардың кескіндерін көбірек түсіреді. Әйелдер мен малшылардың қолына әрқашан құты-сауыт (көпек) ұстатып түсіреді. Демек, құты-сауыт – молшылықтың, сүт-қымыздың көп болуының тілегі ретінде қолданған халықтың жора белгісі. Сауыншы әйелдер мен бақташы кісілердің тас мүсіндерінде құты сауытты әрқашан екі қолымен кіндігінің үстінен көтеріп тұрады. Жыршы бақсылардың мүсіндерін тастың бір қырына түсіргсн қобыздың суретінен айыруға болады.

 

Орталық Қазақстандағы бұл айтқан тас мүсіндер белгісі көбінесе қыпшақ тарихын көзге елестетіп, кыпшақтардың рухани мәдениетін, тұрмысын, салт-санасын ашық көрсетегін бір дерек болып табылады.

 

Ұлытау төңірегіндегі тас мүсіндер ішінде аса қызықтысының бірі бақсынын тас мүсіні. Ол Жанғабыл өзенінің бойында, Төртқара тамының оңтүстік алдында 3 километр жерде тұр. Бұл жерден Ұлытаудың ең биік шыңы –Ақмешіт қасында тұрғандай болып көрінеді. Бұл шыңның «Ақмешіт» деп аталуы орта ғасырларда шыншы» басында «тілек үйі» болған, бұл күнде оның тек бұзылған үйіндісі ғана жатыр.

 

Айтылып отырған тас мүсін Әлкей Марғұлан зерттеуінде 1946 жылы шағын обаның онтүстік-шығыс етегінде тігінен тұрған еді, ғалым мүсінді 1948 жылы оны құлап жатқап түрінде кездестірген. Мүсіннің биіктігі 105 см, кеуде тұсының ені 24 см, төменгі жағының ені 35 сантиметр. Мүсін өте қатты қарасұр граниттен шабылған. Мүндай гранит тас сол маңда, Ұлытаудың етегінде, Жанғабыл өзенінің ағып шығатын жерінде кездеседі. Жанғабыл мүсіні төрт қырлы тас бағанадан шабылған. Мүсін үйілген тас абаның астына көмілген қарт жыршының суретін білдіргендей болады.

 

Тарихи замандағы мүсіншінің ойынша бұл ескерткіш жұмыр мүсін болуға тиіс, бірақ тас тым қатты болғандықтан, безеуші ойлағанындай етіп жұмырлай алмаған, мүсіннің кеудесі, қолдары көмескі шыққан. Алайда, ертедегі түсі суық қарт абыздың бет әлпеті, өткір көздері, жалпақ мұрыны, қалың еріндері, бөрте сақалы айқын көрсетілген. Дәстүр бойынша абыз оң қолына дөңгелек тостаған ұстап (Арғанаты мүсіпндеріндегі сияқты), сол қолын кеудесіне басып тұр.

 

Тас мүсіннің бір жақ бүйірінде қобыздың суреті, арқасында бақсы қонырауыңың суреті бар. Қоңырау дөңгелек ай таңба түрінде кескінделген, оның қолға ұстайтын тұтқасы томен қаратылған.

 

Бұл екі нарсе – қобыз бен қоңырау ертедегі бақсы-жыраулардың, не толғау айтатын абыздардың өзіне тән құралдары болған. Олар қоңырауды қағып би билесе, қобызбен неше түрлі сарын тартатын болған. Бақсы ол кезде ақын, жырау, күйші түрінде ғана айтылған. Олардың бұл орны бергі кезге дейін түркімен мен ұйғырлар арасында ғана сақталды.

 

Белгілі орыс ғалымы Г. Н. Потанин осындай мүсін тастың бірін өткен ғасырда Монғолиядағы Алтай тауын зерттеп, саяхатта жүргенде, оны Шитік өзенінің бойынан (Шитік Телгір-Мүреп жүйесіне жатады) кездестірген. Пірақ Г. Н. Потании тапқан мүсінде қобыз суреті жоқ, тек қоңырау суреті ғана бар.

 

Жерлеу дәстүрімен қарағанда, сөз болып отырған мүсін де, адамның дене сүйегі жатқай оба да, әдейі сол жыршы-бақсыға арналғаны байқалады. Ескі  заманның жырау-бақсысының мәңгілік үйі бергі замандағы жерлеу жорасына мүлде ұқсамайды, онда ерте замандағы күнге, айға, жұлдызға табынудың сілемі бар. Мұның өзгешелігі, оң алдымен жерде дөнгелек айға ұқсатып, диаметрі 215 метрдей үйшік жасап, жан-жағын таспен қалап шыгарған. Бір жағынан кіретін ауыз жасап, оны ұсақ таспен төсеп қойған. Кіретін ауыздың мөлшері 1,25 х 1,25 метр. Абыздың жатқан орны сол үйшіктің үстіңгі қабатында, басын күнбатысқа қаратып, аяғын кіретін ауыздың үстін ала, шығысқа созылта орнатқан. Оның жатқан орнының ұзындығы 1,8 метр, ені 0,9 метр. Мұның бір тамаша жері, дөңгелек үйшіктің іші де, абыздың көмілген сүйегі де ұсақталған әр түрлі кен тастарымен толтырылған. Бұл кен тастарының ішінде марганецтің, мысты құмайттың, көк малахиттың тағы басқа тау жыныстарының ұсақ сынықтары бар. Тегі осындай бұйым шығаратын кен тастары VІ-VIII ғасырларда «қасиетті» саналып, халық тұрмысында ырымға айналған сияқты.

 

Ұлытау төңірегіндегі тарихи белгілер негізінде ежелгі мал шаруашылығымен айналысқан ұлыстардың тұрмысын ашық суреттеп, олардың өткендегі рухани тіршілігінен, жаратылысқа табыну, аспанның қаһарлы күшінен (жай, найзағай) қалай қорыққаны турасынан көп мәлімет береді.

 

Ер адамның мүсінімен қатар Ұлытау ауданында әйелдерді кескіндейтін тас мүсіндер де аз смес. Олардың ерекшелігі қашанда болсын көбінесе обалардың күншығыс іргесінде беттері шығысқа қарап тұрады. Бұл жораға орай келмейтіп тас мүсіп бір-ақ жерде, Қара Кеңгір өзені бойында кездесті. Тегінде халықтың ежелгі жорасына қиғаш келетін бұл жалғыз мүсін Орталық Қазақстанға ислам діні кіре бастаған дәуірдегі өзгерістің алғашқы куәсі болуға тиіс (ХII-ХIII ғасырлар).

 

Тарихи замандағы қазақ бейімдес әйелдерді кескіндейтін тас Мүсіннің бір бөліндісі Арғанаты тауының қойнауында, Тұлпартас деп аталатын жотаның күншығыс бауырынан табылды. Бұл жерде тас мүсінмен қатар зәулім қия тастың жазық беттеріне қашап түсірген малдың (ғұлпар ат, сайгүлік, түйе), кісінің суреттері де кездеседі. Олардың ішіндегі көзге ерекше түсетіндері ботаның, құлынның, баланың іздері, тұлпар аттың әдемілеп түсірген суреті. Бұл жерді Тұлпартас деп қоюды өзі ту баста осыдан шиққай. Жалпы алғанда бұл мүсіндер түркі дәуірінде жасалған мүсіндерден (VI-VII ғасырлар) едәуір өзгеше, бұлар Орталық Қазақстандағы тас мүсіндер дамуының жаңа бір кезеңін көрсетеді. Алғашқы кездегі тас мүсіндерді алыс жерден тасып әкелмей, көбінесе жақын жерде тұрған тастан қашап орнатқан. Кейінгі дәуірдікі (VIII- ХІI ғасырлар) олай емес, мүсін безейтін тасты талғап алатын болған, оның ішінде жұмсақ шабылатын қызғылт құмай тастарды іздеген. Мүсін тұрғызатын төңіректе ондай құмайт тас болмаса, оны басқа жерден, алыстан әкелетін болған. Этнографиялық ерекшелікті, киім, әшекей, шашбау түрін көрсету үшін жұмсақ құмайт тастар жеңілірек болған.

 

Оның үстіне бұл кездегі мүсіндерде әйелдің сәукеле сияқты бас киіміне, шашбауына, бұрымына, басқа түрлі этнографиялық ерекшеліктеріне көбірек көңіл бөлінетін болған. Ислам діні тарай бастаған кездегі мүсіндерде әйелдің бет әлпеті мен қолы толық көрсетілмейді. Мүсіншілер бас пен денені тек жалпы түрде дөңгелетіп келтірген, қас, қабақ, көз, ауыз, мұрын бүтіндей көрсетілмей, тек беттің, басғын жалпы нобайын келтірген.

 

Арғанаты тауынан ағып түсетін Қара Торғай өзенінің басқа бір саласы Бозай деп аталады. Жас әйелді бейнелейтін өзгеше тас мүсіннің бірі осы Бозай өзенінің бойында, Жекешат деген сайда кездескен. Бозай мен Жекешат Арғанаты мен Қоянды тауының арасындағы үлкен ақ жазықпен ағып, Дәбейден (Қорғасын) кейін Қара Торгай болып ағады. Бұл жерлер ерте замандағы мал баққан тайпалардың шүйгін қонысының бірі. Сондықтан олардан қалған тарихи ескерткіш те бұл Қара Торғай, Жетіқыз өзендері бойында жиі кездеседі. Сондай чламаша ескерткіштің бірі Жекешат сайында тұрған тас мүсін. Бұл мүсіннің тұрған жағдайы ерте замандағы мүсіндерден бүтіндей басқа, тұрғызу жорасы оларға бүтіндей қиғаш келіп, ислам дәуірінен кейінгі жаңа заман жорасын еске түсіреді.

 

Тас мүсіннің биіктігі 1,10 м, ені 26-30 см, қалыңдығы 20 сантиметр. Бұл қадағалап, сопына жеткізген ескі дәуірдегі көркемдік істің ашық бір түрі. Мүсін басына сәукеле кигізіп, жана ұзатылған жас келіншекті бейнелейді. Сәукеленіп күпде киіп жүретін жеңіл түрі «желек» деп аталады. Оның төбесі де биік, шошақ құйрығы арқасына тогілін тұрады. Ұзатқанда киетін әшекейлі сәукеле ондай емес, ауыр, оны үнемі киіп жүруге ауырлық келтіретін. Сондықтан келіншек келін болып түскеннен кейін, үйінен киіп шыққан сәукелесін алып қойып, жеңіл желек киетін. Күні бұрын дайындап қойған жібек желекті жаңа түскен келіншекке абысындарының бірі кидіреді.

 

Орталық Қазақстандағы тас мүсіндердін қалай шығып дамыған жолдарын, олар даму жағынан біріне-бірі байланысты тарихи екі дәуірді қамтитындығын аңғаруға болады. Бірінші дәуірдегі мүсіндер (VI-VIII ғасырлар) төрт бұрышты шарбақ қасында тас бағаналар тізбегімен қосылып белгілі бір топ жасайды. Олар негізінде тарихи дәуірлерде болған ұлы оқиғаны көрсетіп, сол оқиға үстінде қол бастаған ерлерді, ел қорғаған алыптарды еске түсіру ісіне арналған.

 

Керуен жолдары және мәдени мұралар

 

Керуен жолдары жөнінде академик В.В Бартольд, араб және парсы деректеріне сүйене отырып «исламның далаға таралуына екі жол: біріншісі Сырдарияның төменгі ағысы, екіпшісі Тараз жолы: екі жолда қимақтарға апарады». Сырдария, Талас өзейдері бойындағы елді мекендермен Орталық Қазақстан арасындағы ортағасырлық сауда-саттық және керуен жолдары жөнінде Қазақстан археологтары Қ.Байпақов, Ә.Марғұлан және тағы басқалары зерттеп жазған болатын.

 

Көшпелі дәстүрге қатысгы, Сарысу және Хан жолдары, Шу өзенінің ортаңғы ағысынан басталып, одан солтүстікке бағытталды, мұнан әрі Бетпақ даланы басып өтіп, Тараз, Қайыптың қызыл жартасы, Болаттау арқылы Сарысудың жоғарғы сағасы Жаңаарқаға, ол жерден Нұра, Ертіс өзендеріне таралды. Қатері мен құпиясы мол Бетпақдаланың, яғни «қарғыс атқан даланың» солтүстік-батыс бөлігін алып жатқан, жалпы ұзындығы 160 шақырымды қамтитын Жетіқоңыр құм алабы сонау ықылым замандардан са жайлап, бейбіт сауда керуендері өткен тарихи мекеп. Физикалық-географиялық жағынан солтүстіктеп оңтүстікке созылғап, бауырында тұщы бұлақ көздері болғанынын мәнінде бұл осы екі шалғайды байланыстырып тұрған жол торабы болған. «Қыпшақ даласы мен Сыр бойы қалаларының арасында әрі-бері жүрегін өткінші және сауда керуендері үшін Жетіқоңыр оазисы болған» -дейді Ә.Марғұлан.

 

Ал, бұл өңір Ә. Байбатшаның айтуынша: «Біздің дәуіріміздің басында Ұлы Жібек жолының арнайы бір тармағы Шу, Сарысу, Кенгір өзендерін бойлап Жезқазғанға келген. Жезқазганиап алтын-күміс, малахит пен лазурит тиеген кірешілер, керусидер батыс пен шығысқа үздіксіз ағып жатқан».

 

Тарихи-географиялық, археологиялық зерттеулер көрсеткендей бұл алып шөлді оңтүстіктен солтүстікке талай керуен жолдары кесіп өткен. Сол соқпақтардың орны, көш белгілерін көрсететін басқа ескерткіштердің қалдықтары бүгінге дейін сақталған. 

(Жалғасы бар).

Бақытгүл Абайқызы
Бөлісу: