Сарыағашта 5 жасар қызды өлтірген педофилге қатысты тың дерек шықты

22 Қараша 2023, 12:19 3369

Сарыағаш ауданында 5 жасар қызды өлтіріп, өмір бойына бас бостандығынан айырылған педофил жазасын Қазақстандағы ең қатал түрме – "Қара бүркітте" өтейді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі Otyrar.kz сайтына сілтеме жасап. 

48 жастағы Сайдолим Ғайбназаров қараша айының басында Қостанай облысындағы төтенше қауіпсіз мекемесіне ауыстырылды. Ол өмірінің соңғы күніне дейін камерада отырады. Педофилге түрмеде айына кемінде бір рет мәжбүрлі химиялық кастрация жасалады. 

Химиялық кастрацияға қатысты сотталған жазасын одан әрі өтеу үшін мекемеге келгеннен кейін оның құрамына аймақтық деңгейдегі мамандар кіретін мамандандырылған психиатриялық комиссияда медициналық тексеруден өтеді. Кейіннен комиссияның қорытындысы бойынша сотталған дәрігерлік-консультациялық комиссиядан өтеді, онда химиялық кастрацияға арналған препаратты тағайындау туралы шешім қабылданады. Препарат бұлшықет ішіне екі аптада бір рет немесе айына бір рет тағайындалады. Бұл талдау нәтижелеріне байланысты (тестостерон деңгейінің төмендеуі), – делінген хабарламада.

Айта кетейік, сот ауылдасын балтамен ұрып денсаулығына ауыр зиян келтірген тұрғынға 3 жылға бас бостандығын шектеу туралы үкім шығарған. Оның бұған дейін кісі өлтіріп, 10 жыл түрмеде отырғаны ескерілмеген. Кейін дәл осы ер адам 5 жасар қызды бірнеше рет пышақтап өлтірген.

Ақмарал Ағзамқызы
Бөлісу: