Сарыағаш ауданында ұсталған қылмыскер 5 жастағы қызды үйге алдап кіргізген

16 Шілде 2023, 11:42 830

Түркістан облысына қарасты Сарыағаш ауданынағы 5 жастағы қыздың өліміне кінәлі деп ер адамға қатысты тағы бір дерек анық болды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі. 

Тергеп-тексеру органы күдіктіге тағылған айыптардың аса ауыр қылмыстар санатына жататынын, бұған дейінде аса ауыр, ауыр санаттағы қылмыстарды жасағаны үшін сотты болғанын, оның бостандықта жүріп жәбірленушіге, куәларға қысым көрсету ықтималдылығын, істі объективті тергеп-тексеруге немесе сотта талқылауға кедергі келтіруі мүмкін екендігін көрсетіп, соттан күдіктіге қатысты күзетпен ұстау түріндегі бұлтартпау шарасын санкциялауды сұраған.

Іске тіркелген құжаттарда оқиға 13-шілде күні 13 сағат 30 шамасында болғаны көрсетіліп отыр. 

Күдікті спирттік ішімдік ішкен мас халде өзінің үйіне келе жатып, жыныстық нәпсі құмарлығын қанағаттандыру мақсатында ойнап жүрген 5 жастағы қызды ауласына алдап алып кірген. «Тыңдау үшін жақсы ән қойып беремін» деп ауласына кіргізіп алған соң, күш қолдану арқылы жас балаға қатысты сексуалдық сипаттағы зорлық-зомбылық әрекеттерді қасақана жасаған. Одан әрі, аса ауыр қылмысын жасыру мақсатында жәбірленушіні асхана пышағымен көкірек торы мен іш-аумағынан бірнеше рет шаншылап-кескілеп қасақана өлтірген, - деп жазылған Түркістан облыстық сотының баспасөз қызметі таратқан ақпаратта.

Соттың 2023 жылғы 15-шілдедегі қаулысымен күдіктіні 2 ай мерзімге күзетпен ұстау түріндегі бұлтарпау шарасы санкцияланды.

Бұдан бірнеше күн бұрын Сарыағаш ауданы, Жібек жолы ауылында болған қылмысқа қатысты күдікті ұсталған болатын. Пышақ жарақаттарынан жан тапсырған қыздың денесі сот-медициналық сараптамадан өткеннен кейін 14 шілдеде жерленді. Қайғылы оқиғаға қатысты Мемлекет басшысы пікір білдіріп, арнайы органдарға істі жіті бақылауға тапсырған болатын. 

Асқар Таудай
Бөлісу: