Сарыағашта Ардана, Елдана, Нұрдана есімді үшем өмірге келді

8 Маусым 2022, 17:18 48166

Сарығашта 26 жастағы келіншек босанып, үшемді құшағына алды. Сәбилерге Ардана, Елдана, Нұрдана есімдері қойылды,- деп  хабарлайды El.kz сайты ҚазАқпарат сілтеме жасап.

Бүгінгі таңда жас ана мен нәрестелердің денсаулығы жақсы. Қазір үйлерінде күтім жасалып жатыр. Бұған дейін отбасында бір ұл болған. Сондықтан сарыағаштық Тойшиевтер бірден көп балалы отбасына айналды.


Бүгін Сарыағаш қаласының әкімі Мұхит Доспулов үшемнің ата-анасы Берік Тойшиев пен Ақбөпе Кеңесқызын арнайы барып құттықтады. Сәбилерге сый-сияпат жасап, ізгі тілегін білдірді.

Айта кетейік, жыл басынан бері Сарыағаш ауданында 2 696 сәби өмірге келген. Оның ішінде 25-і егіз, 1-еуі үшем.

Бөлісу: