Сарыағашта 5 млн теңге алған алаяқ әйел ұсталды

3 Маусым 2022, 12:05 1469

Фото: Polisia.kz

Екі тұрғыннан алаяқтық жолмен 5 млн теңгеге жуық ақша алған сарыағаштық әйел қолға түсті, деп хабарлайды El.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Сарығаш аудандық полиция бөліміне жергілікті тұрғындар арызданды. Олардың айтуынша, танысы Даму бағдарламасы бойынша қайтарымсыз ақша алып беремін деп сенімдеріне кіріп, біреуінен 2,6 млн теңге, екіншісінен 2,2 млн теңге ақша алған. Алайда, жарты жылдан астам уақыт өтсе де, күдікті берген уәдесін орындамаған. 

«Жәбірленушілерге келген жалпы шығын көлемі – 4,8 млн теңге. Аталған жайтты полиция қызметкерлері ҚР ҚК-нің 190-бабы (Алаяқтық) бойынша тіркеуге алды. Тәртіп сақшыларының жедел іс-шаралар жүргізуі барысында күдікті әйелдің жеке басы анықталды. Ол жергілікті тұрғын болып шықты. Күдікті жеңіл жолмен ақша табу мақсатында осындай қадамға барған. Күдікті әйел жәбірленушілерден алған қаражатты жаратып жіберген. Қазіргі таңда оған қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде», - делінген хабарламада.

Бөлісу: