«Сарбаздарға темекі тұқылын жегізген». Сержантқа қатысты үкім шықты

Бүгiн, 15:00 233

Ақтөбеде сарбаздарды темекі тұқылын жеуге мәжбүрлеп, ұрып тастаған сержантқа сот үкімі шықты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

42 жастағы сержантқа билікті асыра пайдаланды деген айып тағылды.

Іс материалдары бойынша оқиға Ақтаудағы №25744 әскери бөлімде болған. Медициналық ротаның аумағын тазарту кезінде сержант темекі тұқылын тауып алып, қатардағы екі жауынгерге соны жегізген. Салдарынан солардың бірі уланып, медициналық пунктке жүгінген.

Дегенмен сержант кінәсін мойындаған жоқ. Ол ешкімді темекі тұқылын жеуге мәжбүрлемегенін және күш қолданбағанын мәлімдеді. Оның айтуынша, ол жай ғана ескертулер жасаған, ал оның сөздерінің растайтын куәгерлердің сөзі еленбегенін айтқан.

Сот сержантты кінәлі деп танып, оны екі жылға бас бостандығынан айырды. Сонымен қатар 100 сағаттық мәжбүрлі еңбекпен айналысуға міндеттелді.

Мадина Асылбекова
Бөлісу: