Сарайшық қалашығындағы көне қорымдар тасқын судан қорғалған

4 Мамыр, 12:30 1533

Бұл жөнінде Сарайшық ауылдық округының әкімі Жаннат Кенжеғалиева мәлім етті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Бүгінгі күнге Сарайшық ауылындағы жағалау бекіту жүмыстары 100% аяқталған. Қорғаныс бөгеттерінің  жалпы ұзындығы 13,6 шақырымды құрайды. Олардың 5,4 шақырымы ескі жалдар болса, 8,2 шақырымы жаңадан салынған.       

Барлық ескі қорымдар мен Сарайшық қалашығындағы археологиялық қазба орындары биіктігі 2,5 м дамбамен қорғалған. Сарайшық сапар-орталығының айналасындағы қорғау қоршауы да жаңартылды,-деді Ж.Кенжеғалиева.
Ақмарал Ағзамқызы
Бөлісу: