Сарапшылар саяси партиялардың белсенділігін талқылады

9 Наурыз 2023, 15:38 3121

Елордада Еуразиялық интеграция институты «Ашық саясат» сараптамалық клубы «Қазақстандық партиялар сайлау кезеңінде: олқылықтар мен мүмкіндіктер» атты кезекті кездесуін өткізді, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.

Басқосуға PaperLab зерттеу орталығының директоры Серік Бейсембаев, саясаттанушы Жұлдызай Ысқақова, Жақсылық Сәбитов және басқа да жетекші қазақстандық сарапшылар болды.

«Алдағы депутаттар сайлауы Президентіміз Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен іске аспақ. Сайлауға қатысып жатқан саяси партиялар сайланғаннан кейін қаншалықты халықтың мүддесін өкілетті билік ретінде жүзеге асыратын болады, мұның барлығы партияның әлеуетіне тікелей байланысты», - деді Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті саясаттану кафедрасының меңгерушісі Бағыш Ғабдулина.

Дөңгелек үстел барысында сарапшылар ашық бәсекелестік жағдайдағы қазақстандық жеті саяси партияның әрқайсысының белсенділігін, қалған сайлауалды күндердегі іске асырылмаған мүмкіндіктер мен үгіт-насихат әлеуетін талқылады.

Сонымен қатар партиялардың қорытынды перспективаларын талдауға және олардың елдің саяси өрісін ауқымды трансформациялау кезеңінде даму қабілетіне де назар аударылды.

Ажар Лаубаева
Бөлісу: