Саран қаласының 65-жылдығы облыстық неміс мәдениетінің фестивалімен аталып өтті

15 Мамыр 2019, 18:00 4416

«Видергебурт» неміс орталығының 30 жылдық мерейтойы, Қазақстандағы немістер қозғалысының 30 жылдығы мен Саран қаласына 65 жыл толуына орай Саран қаласының мәдениет үйінде «Достар ортасында» атты облыстық неміс мәдениетінің фестивалі өтті.

Шараға Қарағанды, Саран, Теміртау, Абай, Шахтинск және Балқаш қалаларының неміс орталықтары мен жастар клубтарының шығармашылық ұжымдары қатысты.

Көлемді фестивальде сөз алған «Қоғамдық келісім» директоры Ерлан Құсайын Қазақстан халқы Ассамблеясының төрағасы атынан облыстық  «Видергебурт» орталығының басшысы Кристина Самоследоваға және Қарағанды облысы әкімі атынан бірнеше белсенділерге алғыс хаттар табыстады.

Бөлісу: