Сара Тоқтамысова үш жылдан кейін айтыста бас жүлде алды

23 Тамыз 2023, 11:05 9991

15 жылдай айтыс сахнасында жүрген Сары Тоқтамысова соңғы жылдары көрінбей кеткен. Ол жақында  Абай облысы Таскенкен ауылында өткен айтыстың бас жүлдесін алды, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.

Араға 3 жыл салып айтысқа шықтым. Бүгінгі айтыстың бас бәйгесі бұйырды. Аллаға мадақ.Шығыстың Таскескен дейтін аядай ғана жерінде атағы жер жаратын дүбірлі думан боп жатыр От ауыз, орақ тілді ақындардың бас қосқан күні болды. Атақты Мұхтар Ниязовпен айтыстым. Әзілі де, әңгімесі де , өнері де, өлеңі де бөлек ақын ғой. Мәртебемді аспандатып тастады. Рахмет досым! Талғат мырзаның (осы айтыстың демеушісі – Талғат Сақан) мәрттігіне риза болып тарастық. Айтыстың арланы,сатираның саңлағы Балғынбек ағамызға бір көлік мінгізді .Жүлдесінен бөлек ақындарға қосымша 1 миллионнан ұстатты. Ақынын құрметтеген Азамат сіздей ақ болсын!, - деп жазды Сара Тоқтамысова.

Бұл айтысқа Сара Тоқтамысова, Балғынбек Имашев, Мұхтар Низяовтан бөлек, Жандарбек Бұлғақов, Сырым Әуезхан, Бекарыс Шойбеков, Жансая Мусина, Мұрадым Мирланов, Айнұр Тұрсынбаевалар қатысқан.

Алмас Абылай
Бөлісу: