Оралда саусағында сақинасы тұрып қалған әйелге құтқарушылар көмегі қажет болды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Төтеншеліктерге 35 жасар әйел адам саусағынан сақинаны өз бетінше шеше алмағаны туралы хабарлама келіп түскен. Қанша тырысқанымен нәтиже болмағандықтан тұрғынның саусағы ісіп кеткен.
Құтқарушылар слесарлық құралдың көмегімен зергерлік бұйымды шешуге көмектесті. Әйел адамға алғашқы медициналық көмек көрсетілді.
Қандай да төтенше жағдай туындаған кезде 112 нөміріне қоңырау шалыңыз.