Сапарбай ПАРМАНҚҰЛ: "Жас Алашта" маған ыңғайлы жұмыс табылмады"

7 Тамыз 2014, 10:52

Сапарбай ПАРМАНҚҰЛ, Қазақстан Жастар одағы сыйлығының лауреаты.

Сапарбай ПАРМАНҚҰЛ, Қазақстан Жастар одағы сыйлығының лауреаты.

Алматы қаласы əкiмшiлiгiнiң «Алматыжарнама» коммуналдық мемлекеттiк кəсiпорнында қызмет iстейсiз. Бұл кəсiпорынның атқаратын қызметi, негiзгi мақсаты қандай?

– «Алматыжарнама» коммуналдық мемлекеттiк кəсiпор-ны – Алматы қаласы əкiмшiлiгiнiң сыртқы жарнама, ақпараттық безендiру жөнiндегi өкiлеттi органы. Жарнама бiздiң өмiрiмiзге ене бастаған тұста, 1999 жылы Алматы қаласы əкiмiнiң шешiмi-мен құрылған. Алматы қаласындағы жарнамалық-ақпараттық нысандарды реттеу, оларға бағыт-бағдар беру, жүйелеу мақса-тында жаңа кəсiпорын өмiрге келдi. Əрбiр жарнамалық нысан-ды тiркеу, рұқсат беру, қадағалау мақсатында ауқымды жұмыс-тар жүргiзiлiп отыр. Сонымен қатар, қаламыздағы мəдени-сəулет ескерткiштерi мен ғимараттарды сəулелi жарықтандыру iсiн қолға алды. Театрлар, мəдени орындар, орталық мешiт үйлерiнiң түндегi көз жауын алар қызылды-жасылды сəулелерге шомы-луы – ғимарат кескiнiн күндiзгiден де бетер құлпыртпай ма?! Мiне, осы шараларды жүйеге келтiру жұмыстарының бастауындағы қиын сəттерде «Алматыжарнама» кəсiпорны-ның қолтаңбасы жатыр.

Көшедегi жарымжан жарнамалардан көз сүрiнедi. Олар-ды оқи бастасақ, Өтежан Нұрғалиев ағамыз айтпақшы, «аз-дап нервничать ететiнiмiз» рас. Ол жарнамаларды сауатты етiп беру үшiн қандай шаралар жасап жатырсыздар?

– Жарнамалық қалқандардағы ақпараттарға қарап отырып, отандық өндiрiстiң жай-күйiн сезiнуге болады. Қазақстан Республикасының «Жарнама туралы» Заңына орай, темекi жəне спирттi iшiмдiк өнiмдерiн жарнамалауға шектеу қойылуына байланысты толып кеткен темекi, арақ-шарап жарнамалары сап тыйылды. Жарнама тақырыбы – банктер ұсынып отырған қызметтер, жиһаздар, мұнай компаниялары, компьютерлер мен кеңсе тауарлары, сатылатын көлiктер, салынып жатқан элиттiк пəтерлер... Ал мейрамхана, кафе, дүкен жөнiндегi жарнаманың бəрi көрсеткiш тақталар болып келедi... Осы жерде бiр ескертетiн жайт, банктер мен мұнай компаниялары жарнамаларының мəтiндерiнен қате табуыңыз қиын. Өйткенi бұл ұжымдарда оған жауапты қызметкерлерге қойылатын талап қатаң, еңбекақы қомақты. Ендi дүкен, кафе, көлiк жөндеу жəне басқа жарнамалық көрсеткiштерде салғырттық басым. Асығыстық, жауапсыздық салдары анық көрiнiп тұрады.

Жарнама қоюға рұқсат алған соң да қателер кетуi мүмкiн. Бұндай жағдайда бiздiң кəсiпорынның қаладағы əр ауданға жауапты қызметкерлерi бар. Солар күн сайынғы қызметiнде ондай жарнама иелерiне ескертiп, қатенi тез арада жөндеудi талап етедi. Қалалық Тiл басқармасымен бiрлесiп, тұрақты рейдтер жүргiзiледi. «Тiл туралы» Заңның 21 бабында: «Көрнектi ақпараттың барлық мəтiнi мынадай ретпен: мемлекеттiк тiлде сол жағына немесе жоғары жағына, орыс тiлiнде оң жағына не-месе төменгi жағына орналасады, бiрдей өлшемдегi əрiптермен жазылады» делiнген. Содан барып «кафесi» сөзiнiң атаудың алдында жиi кездесетiнi бiр кездерi үлкен мəселеге айналды. Қазiр дəмханалардың маңдайшалары түзелiп келедi. Оны қайта жасатудың өзi көп жұмыс. Кəсiпорын ашылған жылдары осы проблеманы шешу қиындық тудырды. Өйткенi кезiнде алған рұқсаты бар, жасатуға кеткен қаржылай шығыны бар, оны өзгертудiң əрқайсысы сот арқылы жүзеге асады. Қазiр, құдайға шүкiр, бұндай кемшiлiктердi болдырмауға жан саламыз. Ал ендi фирмалар мен компаниялардың аты тiркеу куəлiгiнде солай жазылған. Осындай құжат берерде əдiлет саласының қызмет-керлерi атауына қарап зерделеу керектiгiн ескерсе дейсiң.

Сiз «Лениншiл жас» газетiне тiлшi болып орналасып, Бас редактордың бiрiншi орынбасарына дейiнгi баспалдақтан өттiңiз. Ол газеттен кетуiңiзге не себеп болды?

– Менiң «Лениншiл жасқа» келуiм де қызық оқиға.

Сонда қалай?

– Мектепте жүрiп «Қазақстан пионерi» газетiне араластық. Фариза Оңғарсынова апамыздың редактор болған кезi ғой. Жас тiлшiлерге арнайы тапсырмалар берiп, газетке араласуға қатты ықпал жасады. Жыл сайын белсендi тiлшi ретiнде арнайы сый-лықтармен марапаттап, ынталандырып отырды. Кейiн универ-ситеттi бiтiрген соң сол газетке қызметке келдiм. Бұл жөнiнде Фариза апам «Шашы ағарған қыз» кiтабында атап өткен. Жолсапарға жиi шығатынмын. 1979 жылдың күзiнде Торғай облы-сында мектеп аралап, кезiнде мықты мұражайдың шаң басып жатқанын көрдiм. Сол мəселенi облыстық комсомол хатшысына ескерте кетейiн деп соқсам, кабинетiнде кiсiлер бар екен. Күтуге болмайды, өйткенi бiр жарым сағаттан кейiн ұшатын ұшаққа билетiм бар. Бөлмедегi кiсiлермен сəлемдесiп, кешiрiм сұрадым да асығыс екендiгiмдi, өткiр мəселенi баяндағым келетiнiн айт-қанымда хатшының жанында отырған қара көзiлдiрiктi жiгiт ағасы қос қолын кеудесiне айқастырған күйi бас шұлғыды. Хатшы төмен қарады. Мəселемдi ақтарып салдым. Əуежайға асығыс екенiмдi айтып, есiкке беттегенiмде қара көзiлдiрiктi кiсi тоқтатты. Сағатына қарап, «қалқам, қалай жетесiң, көлiк бар ма?» деп сұрады. Бас шайқадым. Хатшыға бұрылып, көмек-тесуiн өтiндi. Рақметiмдi бiлдiрiп, хатшымен бiрге сыртқа шықтым. Хатшы ашулы күйi жүргiзушiге дауыс көтере сөйлеп, «əуежайға жеткiз де тез қайтып кел» деп бұйырды. Алматыға келген соң үш күннен кейiн «Лениншiл жас» газетiнiң редак-торы Сейдахмет Бердiқұлов шақырып жатыр» дейдi. Бардым. Рұқсат сұрап, iшке кiрсем, қызықты қараңыз, Арқалықта кез-дестiрген қара көзiлдiрiктi кiсi төрде отыр. Шығармаларын iздеп жүрiп оқығанмен өмiрде өзiн көрмеген екенмiн. Редактор Сейдахмет Бердiқұлов. Iркiлейiн дедiм. Соны сездi ме, қара көзiлдiрiгiн шешiп, «кел, қалқам» деп күлiмдедi. Сөйтiп, ойда жоқта «Лениншiл жастың» ғылым бөлiмiне қызметке тұрдым. 18 жыл еңбек еттiм. 1996 жылы мамыр айында «Жас Алашқа» Бас редактор болып Нұртөре Жүсiп бекiтiлдi. Жаңа басшыны сол кездегi Баспасөз жəне бұқаралық ақпарат iстерi жөнiндегi ұлттық агенттiк төрағасы Алтынбек Сəрсенбаев ұжымға таныстыруға келгенде: «Қырық жастан асқандар «Жас Алашта» iстеуге болмайды» деп мəлiмдедi. Бұл – маған тиiскендегiсi. Мен сол күнге дейiн екi Бас редакторға бiрiншi орынбасар болғанмын. Төрағаның сөзi мынау. Бiрақ мен отыз тоғыз жаста едiм. Кейiн-нен, сол жылдың 5 қазанында менiң қызметiмдi қысқарту туралы Агенттiк төрағасының мiндетiн атқарушы ретiнде қол қойған Ə.Асқаровтың хабарламасын үстелiме қойып кетiптi. Қорқытқан түрi шығар. Мен де кетiп болмадым. Қысқарту туралы ара-тұра еске салып қояды. Ақыры 1997 жылдың жазында агенттiк «бас редактордың бiрiншi орынбасары» деген қызметiмдi қысқарт-ты. «Жас Алашта» маған ыңғайлы жұмыс табылмады. Жұм-бақтау күйде жұмыссыз қалдым. Менi «Жас Алаштан» кетiрген Алтынбектiң екпiнi едi.

Сол кезеңде Сiз ұйымдастырған «Шартарап» баспасы ауқымды жұмыстар атқарып жатты ғой...

– «Шартарап» баспасы бiраз кiтаптар шығарды. Қиын ке-зеңде нарыққа iлесiп, оқырманға жақсы шығармалар ұсынып үлгерген. Алға қойған жобалары бар едi. «Жас Алашта» қызмет iстейтiн жiгiттер бiрлесiп еңбек еттi. Үш жiгiт сол баспаның арқасында пəтерлi болды, қызметтен кеткен күнi əрiптестерiм терiс бұрылды. Бəрiне қол сiлтедiм де Сыр бойына кеттiм. Кезiнде жазушы Софы ағамыздың «Елiм-ай» романындағы «Сыр бойындағы жиырма бес шаһар...» деген бiр жол ерекше ынтықтырған. Сол көне шаһарлардың тарихы ерiксiз өзiне тартты да тұрды. Қызылордадағы достарым құшағын айқара ашты. Мұнайшы жiгiттер – Жақсылық, Алдаш, Қабылбек, Найза, Əлiбек, Ғабит, Сəдуақас, Жағыпар есiмдi аға-бауырларым көп көмегiн тигiздi. Сөйтiп, Сыр бойында тоғыз ай жүрдiм.

Сiздi жазушы ретiнде де танимыз. «Жыландар көшатты жинағыңыздың шыққанынан да хабардармыз. Содан кейiн жазған жаңа шығармаларыңыз бар ма?

– Жақында «Арқас» баспасынан «Құз жанарынан құлаған сарқырама» атты кiтабым шығады деп отырмыз. Ал қазiр өзiмнiң замандастарым – қоғам қайраткерi Иманғали Тасмағамбетов, ақын Ұлықбек Есдəулетов, режиссер Талғат Теменов, суретшi Ерболат Төлепбаев, пианист Жəния Əубəкiрова жəне басқалар жөнiнде портреттер кiтабын жазып жүрмiн.

Бүгiнгi журналистиканың даму барысы, бағыт-бағдары туралы пiкiрiңiзбен ой бөлiссеңiз?

– Ақпарат ағынындағы оқырманға жеткiзер жаңалықтың жылдамдығы қуантады. Елдi елең еткiзер оқиғаның əрбiр газет-журналда түрлi үлгiде дер шағында жететiнi – журналистердiң iзденiмпаздығы дер едiм. Əйтсе де Жарылқап Бейсенбаевтiң танымдық талғамы, Жақау Дəуренбековтiң бiлiктiлiгi, Мағира Қожахметованың пайымдауы, Қайнар Олжайдың орамдары жетпей жатады. Кейде журналистикадан сол өрнектердi iздейтiнiм бар.

Мұхтар Шаханов ағамыз «Жалын» журналын ашар-да Сiздi орынбасары етiп шақырыпты. Ол қызметке неге бармадыңыз? Əлде, журналистикадан көңiлiңiз қалған жағдайлар болды ма?

– Рас, шақырды. Үлкен кiсi шақырды дегесiн сəлем беруге бардым. Ұсынысын айтты. Мен жағдайымды түсiндiрдiм. Бiрақ айтқан өтiнiшiн жерде қалдырғандай сезiнiп, сыртыңнан сөз айтатыны сыйлы ақын ағама жараспайтын қасиет. Бара алмай-тындай мүмкiндiк болды. Себебi, «Жас Алаштан» кеткен соң екi жарым жыл жұмыссыз жүрдiм. Қиын сəтте iздеп, «Алматы-жарнама» кəсiпорнының директоры Мұхтар Ерман деген атпал азамат еңсе көтерiп жұмыс iстеуiме мүмкiндiк ашты. Жаңадан құрылған ұжымның iргетасын бiрлесе қаластық. Ауқымды жұмыстардың қызған кезiнде қалай тастап кетемiн?! Əйтсе де он төрт жасыңнан құлай сүйiп араласқан газеттi сағынасың.

Қазiр «Арқас» деген баспа ашыпсыз. Бұл қандай баспа?

– Белгiлi қоғам қайраткерi Өзбекəлi Жəнiбеков ағамыз Тəуелсiздiктiң алғашқы жылдарында «Арқас» тарихи-танымдық басылымдар сериясын қолға алғаны белгiлi. Алғашқы кiтаптарын оқырманға ұсынып та үлгерген. Сол кiсi бастаған iргелi iстiң жалғасын жүйелеу керек қой. Осы мақсатта Өзбекəлi Жəнiбеков атындағы қолдау қорымен бiрлесе жұмыс жүргiзу мақсатында «Арқас» баспа үйi ашылды. «Арқас» түркiше «қолдау» деген сөз. Ал мəдениетiмiз бен өнерiмiзде, ғылымымызда қолдауға зəру мəселелер қаншама?! Өзағаңның ой-идеяларын оқырманға жеткiзудi мақсат тұтқан сəтте қолдау қоры мен «Шартарап» бiрлесiп, кезiнде ел елең ете iздеген серияның атауына тоқтадық. Бұл – «жақсы бастама үзiлмей жалғасын тапсын» деген мақсат. «Арқас» алға қойып, жүзеге асырар алдағы күнгi жобалар да сол негiзден бастау алар деген үмiттемiз.

Əңгiмеңiзге рақмет

Ермахан ШАЙХЫҰЛЫ, «Ағынан жарылсақ», 2005 жыл.

Бөлісу: