11 Ақпан 2015, 09:20
Қазақстан Республикасында жеңіл өнеркәсіпті дамыту жөніндегі 2010-2014 жылдарға арналған бағдарлама аясында «Терi өндiрiсiн реконструкциялау және жаңғырту», «Қазiргi заманғы тоқыма өндiрiсiн ұйымдастыру», «Гигроскопиялық мақта және целлюлоза шығару» сынды жобалар қолға алынып, отандық жеңіл өнеркәсіп айтарлықтай ілгері жылжыды. Дәлірек айтқанда, «Бизнестің жол картасы 2020» бюджеттік бағдарламасы шеңберінде жеңіл өнеркәсіп кәсіпорындары жаңғыртылды. Соның ішінде Семей былғары-үлбір комбинаты, Оңтүстік Қазақстан облысындағы Мақта комбинаты мемлекет тарапынан субсидияланған болатын. 2014 жылдың тоғыз айының қорытындысы бойынша, жеңіл өнеркәсіптегі өнім өндіру көлемі қазіргі бағамен алғанда 46 млрд. теңгеден асып түсті. Тарқатып айтар болсақ, тоқыма бұйымдарын өндіру 23,4 млрд. теңгені, киім өндірісі -19,8 млрд. теңгені, былғары мен былғары тектес өнімдерді өндіру 3,5 млрд. теңгені құрады. «Бұның бәрін неліктен тізбектеп жатырсың?» дейсіз ғой. Сұраққа сұрақпен жауап берейін. Үстіңіздегі киіміңізге қараңызшы, қай елден шыққан? Ия, Германия, Франция, Түркия, Қытай, Индонезия және тағы басқа елдерде тігілген киімдер. Бұл мемлекеттердегі жеңіл өнеркәсіптің артықшылы неде?
Мәселенің мән-жайын түсіну үшін осы елдердегі мемлекеттің өнеркәсіпті дамытуға қатысты іске асырып жатқан саясатына үңілген жөн. Қазіргі уақытта түрік тоқыма өнеркәсібі қазіргі заманғы құралдармен жабдықтау бойынша әлемдегі көшбасшылардың бірі. Аталмыш саланы сапалы шикізатпен қамтамасыз ету соңғы кезде түрік тоқыма өнімі өндірісі дәстүрлі әлемдік көшбасшылар - Италия мен Германияның өнімдерімен бәсекеге қабілетті. Түрік тігін компаниялары танымал шетелдік фирмалармен, сондай-ақ толлингтік сызбалар бойынша, оның ішінде алыс-беріс шикізатымен жұмыс істейтінін атап өткен жөн. Қытайда саланы дамыту сәтті жүргізілуде, біріншіден, экспортты субсидиялауды талап етеді, екіншіден Қытай Халық Республикасы сала бойынша орташа жалақы 120-140 АҚШ долларын құрайды, бұл біздің елдегіден айтарлықтай төмен, үшіншіден, қытайлықтар жабдықтарды сатып алуға кредиттер бойынша нөлдік ставканы талап етеді, төртіншіден, импортты шектеу бөлігінде әкімшілік және кедендік қолдау кеңінен пайдаланады.
Бұл мемлекеттерден шығатын киімдердің сапасы мен сәні жағынан отандық өнімдер, артық болмаса, еш қалыспайды. Қазақстан теріге де, мақта ға да бай мемлекет емес пе? Республика бойынша 85-тен астам жеңіл кәсіпорын бар, оның ішінде 12 тоқыма, 8 мата тоқитын, 38 тігін, 4 былғары-үлбірлі тері, 14 аяқ киім, 2 бас киім шығаратын кәсіпорындар бар. Ендеше, Қазақстанның күрт құбылмалы ауа-райына бейімделіп тігілген отандық киімдерді дүкендерден іздей жүріңіз. Экологиялық таза шикізаттан жасалған киімге таңдау жасаңыз.
Жамал Нұрымқызы