Санжардың өзі өтініш жасады – ЕҰУ боксшының оқудан шығарылуына қатысты мәлімдеме жасады

17 Мамыр 2023, 14:51 1147

Лев Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті боксшы Санжар Тәшкенбайдың оқудан шығып қалуына байланысты мәлімдеме жасады.

Бұған дейін бокстан әлем чемпионы Санжар Ташкенбайдың оқудан шығарылғаны туралы ақпарат таралған. Жоғары оқу орны мұны жоққа шығарып отыр.

Ақпарат шындыққа жанаспайды. Санжар өзінің жеке өтінішімен оқудан шықты. Университет талантты студенттер мен түлектерді қолдайды. Біз барлық қазақстандық секілді Санжардың жеңісімен мақтанамыз және оған жаңа жетістіктер тілейміз. Санжардың өзі ниет білдірсе, университет белгіленген ережелер аясында оны қабылдауға дайын, - делінген мәліметте.

Мадина Асылбекова
Бөлісу: