Санжар Тәшкенбай сенсациялық жеңіліске ұшырады

Кеше, 18:03 328

Қазақстандық Санжар Тәшкенбай Болгарияның София қаласында өтіп жатқан «Странджа кубогында» жеңіліс тапты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Спортшы бұл турнирде 48 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде ел намысын қорғады.

Ирландиялық Луис Руниге қарсы жекпе-жекте Тәшкенбай бірінші раундта нокдаунға түсті. Осы сәттен кейін ол белгісіз себептермен жекпе-жекті жалғастырудан бас тартып, жарысты аяқтады.

Мадина Асылбекова
Бөлісу: