Қасым-Жомарт Тоқаев Санкт-Петербург қаласындағы Мемлекеттік орыс музейіне барды, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.
Президент Ресейге жасаған жұмыс сапарының аясында Санкт-Петербург қаласындағы Мемлекеттік орыс музейіне барды. Қасым-Жомарт Тоқаевқа музей экспонаттары мен сирек өнер туындылары көрсетілді.Сондай-ақ музейде Қазақстан, Армения, Беларусь, Қырғызстан, Ресей, Тәжікстан және Өзбекстан мемлекеттері басшыларының бейресми кездесуі өтті.