Санкт-Петербургте көпірден құлаған автобус ішінде Қазақстан азаматы болған

11 Мамыр, 10:12 651

10 мамырда Ресейдің Санкт-Петербург қаласында жолаушылар мінген автобус жеңіл көліктермен соқтығысып, көпірден құлап кеткен. Су астына кеткен автобуста 20 адам болған, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Fontanka.ru мәліметі бойынша, автобустың жеті жолаушысы қаза тапқан. Оның ішінде 28 жастағы Марина Ю. есімді Көкшетаудың тумасы бар. Ол Петербургте тұрып, табиғи косметикамен айналысып, әлеуметтік желіде блог жүргізетін. 

Ресей тергеу комитеті қылмыстық кодекстің 238-бабының 3-бөлігі (қауіпсіздік талаптарына сай келмейтін, абайсызда екі немесе одан да көп адамның өліміне әкеп соқтырған қызмет) бойынша қозғалғанын мәлім етті.

Жансая Тәуекелқызы
Бөлісу: