15 Шілде 2014, 08:11
ХХІ ғасыр ақпарат дәуіріне айналды. Ақпарат көлемі соншалықты көп, жекелеген адам оның барлығын игере алмайды. Жыл сайын адамзат жинақтаған білім қоры тез арада өсуде. Осы ретте сауаттылықтың жаңа түрі пайда болуда. Ол – сандық сауаттылық. Технологияларды пайдалана отырып, керекті ақпаратты алу үшін белгілі бір машық пен құралдар керек. Аталған құралдарды тиімді пайдаланудың өзі өнер. Сандық сауаттылық жаңа ғасырда өмір сүретін адамның ажырамас бөлшегіне айналды.
Сандық сауаттылық кең ауқымды құрама бөлшектерден тұрады. Сандық сауатты адамды сандық азамат деп атайды. Сандық азаматқа тән бірнше қасиеттер бар. Бірінші: киберкеңістікке кіруге мүмкіншілігі бар азамат. Екінші: сандық коммерцияны пайдалану. Оның ішінде онлайн-дүкендерден тауарлар мен қызметтер ала алу қабілетінің болуы. Сонымен қатар интернет арқылы интернет картасын пайдалана алу да кіреді. Үшінші: сандық коммуникация. Интернет желісі арқылы басқа адамдармен байланыс орнату, хаттарды тасымалдайтын қызметтерді дұрыс пайдалану жатады. Төртінші: сандық сауаттылық ұғымы азамттардың ресуртарды тиімді пайдалануға тікелей байланысты. Сандық этикет бесінші құрамдас бөлшегі. Өзін онлайнда қалай ұстау керек, басқа пайдаланушылармен қарым-қатынасқа түсе білу қабілеті. Алтыншы: сандық заңдарды білу. Бұл заңи сауаттылықпен тікелей байланыста болады. Жетінші: сандық құқықтар, жекелеген азаматтардың қолжетімді құқықтарының жиынтығы. Сегізінші:сандық сауаттылық. Адам ағзасына технологиялардың әсерін білумен қатар, интернет арқылы өз денсаулығыңды сақтай алу қабілеті. Тоғызыншы: сандық қауіпсіздік. Жеке ақпараттарды сақтау және оларды дұрыс пайдалана алу қабілеті. Бұл құрамдас бөлшектерді біліп, өмірде дұрыс пайдалана алған адам сандық азамат болады.