Сандар сөйлейді: Қазақстанның тәуелсіздік жылдары қолжеткізген көрсеткіштері

9 Желтоқсан 2014, 12:07

Ел.кз редакциясы тәуелсіздік жылдары қол жеткізілген көрсеткіштер негізінде оқырман назарына статистикалық ақпарат ұсынады.

Ел.кз редакциясы тәуелсіздік жылдары қол жеткізілген көрсеткіштер негізінде оқырман назарына статистикалық ақпарат ұсынады. 

Конституциялық-саяси өзгерістер

Өткізілген референдум саны – 2 (1995 жылдың 29 сәуірі күні Президент өкілеттігін ұзарту бойынша және 1995 жылы 30 тамызы Конституциялық референдум)  

2010 жылы ҚР Парламенті Президент өкілеттігін одан әрі ұзарту бойынша референдум өткізуді ұсынды, бірақ Елбасы Н.Назарбаев бұл ұсыныстан бас тартып, кезектен тыс сайлау күнін анықтады.

Халық санағы 2 рет жүргізілді: 1999 жылы және 2009 жылы.

Жалпыхалықтық Президент сайлауы 4 өткізілді: 1991 жылдың 1 желтоқсаны, 1999 жылдың 29 сәуірі, 2005 жылдың 4 желтоқсаны, 2011 жылдың 4 сәуірі.

Қабылданған конституция саны – 2 (1993 жылдың 28 қаңтары және 1995 жылдың 30 тамызы)

Ағымдағы Конституцияға енгізілген өзгерістер мен толықтырулар саны – 3 (1998 жыл, 2007 жыл, 2011 жыл)

Тәуелсіздік жылдары құрылған партия саны – 16 (оның жетеуі жойылған). Ресми тіркелген партиялар: «Нұр Отан» ХДП, «Ақ жо» демократиялық партиясы, «Бірлік» («Әділет» + «Руханият»), Қазақстанның социал-демократиялық «Ауыл» партиясы, Қазақстан коммунистік партиясы (қызметі тоқтатылған), Қазақстан халықтық коммунистік партиясы, «Азат» жалпыхалықтық социал-демократиялық партиясы, «Патриоттар».

Кезінде жұмыс істеген, бірақ қазір өз жұмысын тұтастай тоқтатып, саяси сахнадан біржолата кеткен партиялар: Қазақстанның аграрлық партиясы, Қазақстанның Азаматтық партиясы, «Қазақстанның халықтық конгресі» партиясы, «Асар» республикалық партиясы, Қазақстанның республикалық партиясы, Қазақстанның социалистік партиясы.

Премьер-Министрлер саны: 8 (Кәрім Мәсімов Премьер-Министр қызметіне екі рет тағайындалды: 2007 жылдың 10 қаңтары және 2014 жылдың 2 сәуірі.

 Спорт

Қазақстан тәуелсіз мемлекет ретінде 11 Олимпиялық ойынға қатысты, соның 5 – жазғы, 6 – қысқы.

Олимпиялық ойындарда Қазақстан спортшылары жалпы есепте 59 медаль жеңіп алды: 52 – жазғы, 7 – қысқы.

Қазақстан үшін ең сәтті Олимпиялық ойын Лондон қаласында (2012) өтті, еліміз 7 алтын жеңіп, жалпы командалық есепте 12 орынға ие болды.

Халық саны: 2014 жылдың 1 қарашасы бойынша – 17 377 807 (1991 жылы – 16 358 200). Халық саны бойынша Қазақстан әлем бойынша 63 орынға ие.

Халықтың орташа тығыздығы – 1 шаршы шақырымға 6,37 адам (халық тығыздығы бойынша 184 орын)

Әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштер

Жалпыұлттық ішкі өнім – 224 415 миллиард доллар (52 орын)

Жан басына шаққанда ЖІӨ – 15 219 доллар (47 - орын)

Орташа жалақы: 2014 жылдың қыркүйек айы бойынша – 118 730 теңге

2014 жылдың 1 қазаны бойынша елімізде тіркелген жеңіл автокөлік саны – 3 690 411

Қазақстанда жұмыс істейтін екінші деңгейлі банктер саны – 38 

2014 жылдың 1 желтоқсаны бойынша елімізде тіркелген заңды тұлғалар саны – 353 171

Мәдениет

Театрлар саны – 62  

Қойылған спектакльдер саны – 12 054  

Саябақ саны – 112

Музей саны – 224

Зообақ саны – 5

Цирк саны – 5

Клуб саны – 3 116

Кітапхана саны – 41 85

Кинотеатр саны – 125


Дәурен Омаров

 

 

Бөлісу: