«Санамыз тас дәуірінде». Қазақстандық вандалдар АҚШ-та тасқа қала атауларын қашап жазған

28 Маусым, 16:46 1012

Шәкәрім Абдоллаев есімді әлеуметтік желі қолдаунышысы қазақстандықтардың Америкада жасаған вандализмді көрсетті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Оның сөзінше, белгісіз біреулер Атырау және Шымкент қалаларының атауларын қала орталығындағы тасқа қашап жазған. Бұл жайтқа ұнжырғасы түскен видео авторы тарихта қалудың басқа да жолдары бар екенін айтты.

Бауырлар, вандлизм ұғымы ­– 445 жылы мәдениет туындыларын қиратқан және тонаған ежелгі герман тайпаларының әрекетінен шыққан сөз.

Вандализм – тарихи ескерткіштерді, басқа да рухани-мәдени құндылықтарды, қоғамдық орындардағы мүліктерді аяусыз, қасақана жою, қиратып бүлдіру. Әдетте ол жабайылық пен зұлымдықтың шектен шыққан бір түрі болып есептеледі.

Біздің сана шынымен тас дәуірінде! Тасқа қашап ат жазу не ақымақтық? Білемін, тарихта қалғың келеді, бір із қалдырғың келеді, бірақ тарихта қалу үшін, із қалдыру үшін басқа да амалдар көп қой! Өзіміздің қазақ деген атқа кір келтірмей, тыныш жүрейік, бауырларым! – деді ол.

@shakarimabdollaev

Бауырлар вандлизм ұғымы 445 жылы мәдениет туындыларын қиратқан және тонаған ежелгі герман тайпаларының әрекетінен шыққан сөз 😢 Вандализм тарихи ескерткіштерді, басқа да рухани мәдениет құндылықтарды, қоғамдық орындардағы мүліктерді аяусыз, қасақана жою, қиратып бүлдіру. Әдетте ол жабайылық пен зұлымдықтың шектен шыққан бір түрі болып есептеледі. Біздің сана шынымен тас дәуірінде, әкең ! Тасқа қашап ат жазу не ақымақтық? Білемін тарихта қалғың келеді, бір із қалдырғың келеді, бірақ тарихта қалу үшін, із қалдыру үшін басқад да амалдар көп қой! Өзіміздің қазақ деген атқа кір келтірмей, тыныш жүрейік, бауырларым 🫂

♬ оригинальный звук - Шәкәрім Абдоллаев

Мадина Асылбекова
Бөлісу: