«Сән-салтанат» заттарын қосымша акциздеу мәселесі қарастырылады

27 Қазан 2023, 12:18 808

Бұл туралы ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров Сенатта өткен Үкімет сағатында айтты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Министр жаңа Салық кодексіндегі салық саясатын таныстырды. Ол ЕАЭО шеңберінде келісімдерді іске асыру үшін темекі өнімдеріне акциздер мөлшерлемелерін кезең-кезеңмен арттыру ұсынылып отырғанын жеткізді.

Құнының 10 пайыз мөлшерінде қымбат тұратын алкоголь және темекі өнімдеріне акциздер енгізу ұсынылады. Мүлікке салық салудың келесі тәсілдері ұсынылады. Біріншіден, яхталарға, жеке ұшақтарға салық мөлшерлемелерін арттыру. Екіншіден, барлық ЖТ объектілерінің жиынтық құны 130 мың АЕК шегінен асқан жағдайда, салықтың жоғары мөлшерлемелерін белгілеу ұсынылады, - деді министр.

Ұлттық экономика министрі қымбат жылжымайтын мүлік объектілері үшін «сән-салтанат коэффициентін» белгілеу бойынша ЖАО құзыретін белгілеу ұсынылатынын айта кетті.

Арнайы салық режимдерін оңтайландыру үшін талап етілмеген режимдерді жоя отырып, ұқсас шарттары бар режимдерді біріктіру керек. Нақты қолдану деректерін ескере отырып, режимдерді қолдану шарттары қайта қаралатын болады. Бұдан басқа, тиімсіз салық жеңілдіктерін оңтайландыру және олардың тиімділігіне мониторинг сапасын арттыру бойынша жұмыстар жүргізілуде. Салықтық жеңілдіктер ұғымын нақты регламенттеу, салалық мемлекеттік органдардың салық жеңілдіктерін енгізу кезінде мәлімделген мақсаттарға қол жеткізуіне міндетті мониторинг жүргізу, салық есептілігі нысандарында ұсынылатын барлық жеңілдіктерді көрсету, қарсы міндеттемелерді белгілеу ұсынылады, - деді Әлібек Қуантыров.

Миражан Махан
Бөлісу: