«Сән-салтанат салығы»: байлар енді қосымша салық төлей ме?

9 Сәуір, 11:04 387

Мәжілісте премьер-министрдің орынбасары – ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин жаңа Салық кодексін жобасын түсіндірді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Вице-премьер сән-салтанаты салығы туралы да түсіндіре кетті.

Біз «сән-салтанат салығы» деп аталатын тауарлардың жекелеген санаттарына жоғары салық салуды ұсынамыз. Ол үшін жылжымайтын мүлік құны 450 миллион теңгеден асатын болса, мүлік салығының мөлшерлемесін ұлғайту ұсынылады. Сондай-ақ құны 75 миллион теңгеден асатын жеңіл автомобильдерге, сондай-ақ қымбат теңіз кемелері мен ұшу аппараттарына акциздер енгізу жоспарланып отыр, - деді ол.

Сонымен қатар әділдік мақсатында қымбат алкогольдік сусындар мен сигараларға 10% акциздер ұсынылып отыр.

Мадина Асылбекова
Бөлісу: