«Самұрық-Қазына» активтерінің құнын 100 млрд долларға жеткізуді көздеп отыр

13 Шілде 2023, 14:50 1014

«Самұрық-Қазына» АҚ Басқарма төрағасы Нұрлан Жақыпов осы лауазымға кіріскен алғашқы 100 күндегі жұмысын қорытындылап, Қорды дамыту жөніндегі алдағы жоспарлары туралы баяндады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Ол Қордың жұмысын қолға алған кездегі оның жағдайына, портфельдік компаниялардың басшылық құрамы мен қызметкерлерінің деңгейіне риза болғанын атап өтті.

Нұрлан Жақыпов Қор Қазақстанның экономикасының жай-күйіне орасан зор әсер етіп, оның драйвері және бизнес-тәсілдердегі көшбасшы болып табылатынын атап өтті. «Самұрық-Қазына» Қорының Қазақстанның 2022 жылғы тұрақты дамуына қосқан үлесі 7,6 трлн теңгені құрады.

Егер мемлекетке төленетін төлемдерімізді, атап айтқанда: 2022 жылғы салықтарды, дивидендтерді және өзге де төлемдерді қоса алатын болсақ, онда бұл сома 2 триллион теңгені құрады. Бұны Қазақстанның ең ірі агломерациясы – Алматы қаласы мен Алматы облысының 2023 жылғы бюджетімен салыстыруға болады, – деді Нұрлан Жақыпов.

Брифингте көтерілген негізгі мәселелердің бірі – портфельдік компаниялар қызметінің бірқатар түрлері бойынша тарифтерді көтеруге қатысты болды. Қордың басшылығы Үкіметпен және мемлекеттік органдармен бірлесіп, әлеуметтік тұрақтылықты қамтамасыз ету мақсатында, әділ тарифтерді енгізу бағытында жоспарлы түрде жұмыс жүргізеді, бірақ халықтың мүддесі міндетті түрде ескерілетін болады.

Оқи отырыңыз:

Қор 1,2 трлн теңге сомаға жеңілдетілген тарифтер мен бағаларды ұсына отырып, Қазақстан экономикасын субсидиялайды. – деді Нұрлан Жақыпов. – Бұл ұзақ уақыт бойы жеткіліксіз қаржыландыруға және сәйкесінше инфрақұрылымның тозуына әкеледі. Президент өткен жылы «Инвестициялар орнына тариф» бағдарламасын іске асыруды тапсырды. Қазіргі таңда біз Үкіметпен және Президент Әкімшілігімен тарифтерді жоспарлы түрде арттыру үшін жұмыс істеп жатырмыз. Біздің міндетіміз – мақсатты инфляциялық дәліз шегінде тарифтердің өсуін 10-12% шегінде сақтау және әлеуметтік тұрақтылықты қамтамасыз ету болып табылады, – деп атап көрсетті Қор басшысы.

Қазіргі уақытта мына компанияларға қатысты тарифтерді өзгерту келісілді:

Қазіргі таңда магистральдық су құбыры арқылы су беру, газ тасымалдау, жылу энергиясы, транзит және экспорт, локомотивтік тартым бойынша тарифтерді өзгерту мәселесі пысықталуда.

«Самұрық-Қазына» қоры кірісі 2023 жыл соңына қарай айтарлықтай өсуі күтілуде. Болжам бойынша, жыл басындағы 72 миллиард доллармен салыстырғанда өсіп, 78 миллиард долларды құрайды.

Сондай-ақ Нұрлан Жақыпов «Самұрық-Қазына» қорының жеке даму мақсатын белгіледі.

Мен Қордың активтерін, Ұлттық байлығымызды сақтап қана қоймай, олардың ашықтығын, тиімділігін арттыруым қажет деп санаймын. Мен Қорды активтерінің жалпы құны 72 миллиард АҚШ доллары болған кезде басқаруды қолға алдым. 2026 жылдың соңына дейін Қор активтерінің құны, яғни Қазақстан халқына тиесілі кәсіпорындар мен компаниялардың құны 100 миллиард долларды құрауы үшін бар күшімді салғым келеді. Бұл мақсатқа жету оңай емес, бірақ бізде оған қажетті барлық мүмкіндіктер бар екеніне сенімдімін, – деді ол.

Қордың таза пайдасы мұнай бағасының түсуіне қарамастан, 2022 жылғы деңгейден төмен болмайды деп жоспарланып отыр.

Ақмарал Ағзамқызы
Бөлісу: