Салық төлеуден жалтарған компаниялар анықталды

7 Маусым 2022, 19:31 1890

Фото: Baq.kz

Мемлекеттік кірістер комитеті кедендік құнын 10 есеге дейін төмен көрсетіп, 22,6 млн теңге салық төлеуден жалтарған компанияларды анықтады, деп хабарлайды El.kz комитеттің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Мемлекеттік кірістер комитетінің мәліметінше, қазақстандық компания Қытайдан құны 41,8 мың доллар болатын шаруашылық тауарларын импорттаған. Алайда көршілес елдің бас кедендік басқармасының дерегіне сәйкес, ол тауардың құны 171,4 мың долларды құрайды.

«Осылайша, бұл компания кедендік құнын 4 есеге, яғни 129,6 мың долларға төмендеткен. Өндіріп алынуы тиіс кедендік төлемдер мен салықтардың сомасы 12 миллион теңгеден астам соманы құрады. Сол сияқты, тағы бір компания 241 мың доллар тұратын мата тауарының кедендік құнын 24 мың доллар деп көрсеткен. Сәйкесінше тауар құны 10 есеге төмендеген. Өндіріп алынуы тиіс кедендік төлемдер мен салықтардың сомасы – 22,6 млн теңге», - делінген ведомство хабарламасында.


Бөлісу: