Салтанат Бақаеваның той мен киноға қанша сыйақы алатыны белгілі болды

20 Қазан 2023, 10:14 1655

Әнші, актриса Салтанат Бақаева «Ұйқым келмейді» бағдарламасына берген сұхбатында той мен киноға қанша сыйақы алатынын мәлім етті, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.

Негізі мен қатты биік баға қоймаймын. Менің дәрежемдегі актрисалардың ішінде менен де көп гонорар сұрайтындары бар. Біз бір гонорарды қойып, жеңілдік те жасаймыз. Бірақ кейде бағасын тағы да төмендетуді сұрап жатады. Маған ол тиімді болмай қалады. Жалпы кино түсіру көп уақытты алады. Актер мамандығының бір кемшілігі – ұзақ күту. Бірінші кастингке шақырғанын, одан кейін олардың жауабын күтесің. Түсетін болсаң, түсірілім барысын, киноның шыққанын да күтуге тура келеді, – деді әнші.

Оқи отырыңыз:

Осы ретте актриса Салтанат өзінің гонорарын жасырмайтынын айтты.

Жасырудың қажеті жоқ деп ойлаймын. Тойға алатын гонорарым – бір миллион теңге. Ал кинода ақша күніне төленеді ғой. Күніне – 150 000 теңге. Барлық актерде орташа есеппен осындай баға, – деді ол.

Ажар Лаубаева
Бөлісу: