Сәкен Майғазиев неліктен үнемі Мейрамбек пен Кенжебектің алдында жүретінін айтты

31 Тамыз 2023, 17:01 2634

МузАрт тобының әншісі Сәкен Майғазиев өзін “Мейрамбектің алдына шығып алды”, “Мейрамбек пен Кенжебектің ортасына тұрып алды” деп сынағандарға жауап берді, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.

Әнші бұлай жүруіне ештеңе кедергі емесін, екеуінен де жасы үлкен екенін айтып ақталды.

Мына видео "Сәкен Мейрамбектің артында, Кенжебек Сәкеннің артында жүру керек", деген жандар үшін. Осыдан 4 күн бұрын жарияланған (үшеуіміз жүріп келе жатқан) видеоның астындағы пікірлерді бүгін оқып, жағамды ұстадым. Ортасында тұрсам екеуінен бойым ұзын болған соң тұрам, абайламай екеуінің алдына шығып кетсем Мейрамбектен екі жас үлкен болған соң, Кенжебектен 7 жас үлкен болған соң жүремін. Сіздер өйтіп жаман ойлап, жүректеріңізді қарайтпаңыздар, өздеріңізге зиян ғой. Үшеуіміздің ойымызға кірмейтін арам ойлар кейбір адамдардың ойына қайдан келеді-ей. Түсініктеріңізден айналдым. Айтпақшы, (менен жерді қызғанып), мені жек көретін жандар, ұрпақтарыңыз маған ұқсамасын, әумин, – деп жазды Сәкен Майғазиев.

 
 
 
 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Публикация от Сәкен Майғазы | МузАРТ (@saken_maigaziyev)

Алайда, желі қолданушылар Сәкеннің бұл сөзімен келіспейді. 

“Мейрамбек ағаның орны бөлек қой”, “Мейрамбек аға алдында жүруі керек”, “Мейрамбектің алда жүргені жөн. Өнерге ерте келді.Халыққа етене жақын”, “Мейрамбек бірінші жүруі керек”, “Кейінгі кезде алдына шығып жүрдің ғой, мұның дұрыс. Мейрамбектің алдына Кенжебек екеуің шықпайтын болыңдар”, – деп ескерту жасағандар да бар желідегілер.

Ақмарал Ағзамқызы
Бөлісу: