Сәкен Бибосынов лицензиялық турнирде екінші жеңісіне қол жеткізді

7 Наурыз, 02:02 875

Италияда өтіп жатқан бокстан лицензиялық турнирде қазақстандық боксшы Сәкен Бибосынов екінші жеңісіне қол жеткізді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

51 келіге дейінгі салмақта сынға түсіп жатқан отандасымыз шаршы алаңда кениялық Давид Каранжа Мачариямен жұдырықтасты. Бұл кездесу де қазақстандық боксшыға айтарлықтай қиындық тудырған жоқ. Төрешілер жеңісті бір ауыздан Сәкен Бибосыновқа берді.

Оқи отырыңыз: 

Зарина Арман
Бөлісу: