Сағынтаевтың бұрынғы күйеу баласы таққан сағат аукционда сатылды

19 Шілде 2023, 11:00 1166

Алматы қаласын басқарған Бақытжан Сағынтаевтың экс-күйеу баласы Бақыт Ибрагимовтың швейцарлық сағаты аукционда сатылды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Бақыт Ибрагимтен Richard Mille швейцар сағаты тәркіленіп алынған еді. 16 маусымда Қаржы министрлігінің мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетінің Алматы қаласындағы департаменті сағатты сатылымға қойды.

Сағат минимум баға 196 834 788 теңгеге сатылған. Ал бастапқы баға 1 181 008 725 теңге болған. Сатылымға шыққан Richard Mille сағаты 2020 жылдың қарашасында тәркіленіп алынған еді. Сол уақытта Алмалы аудандық соты Bank RBK-ның 144 млрд теңгесі жымқырылуына қатысты іс бойынша тәркілеу жұмысын жүргізілген.

Оқи отырыңыз:

Банктің бұрынғы банкирі Жомарт Ертаев 11 жылға, ал бизнесмен Бақыт Ибрагим 8 жылға бас бостандығынан айырылды. 

Ақмарал Ағзамқызы
Бөлісу: