Сағы сынбаған Арнұр (ВИДЕО)

11 Сәуір 2017, 11:06 11051

2008 жылы суға батып бара жатқан қызды құтқарам деп жарақат алдым

Арнұр Ысқақов — үлгі алуға тұрарлық ерекше жандардың бірі. Осыдан он жыл бұрын суға батып бара жатқан қызды құтқармақ болып, суға секірген сәтте омыртқасын сындырып, сал болып қалады. Арнұрдың омыртқасы сынғанымен, сағы сынған жоқ. Аяқ-қолы істемесе де арбасына отырып белсенді өмірге қайта оралды. Отбасын құрды. Бүгінде ол халыққа қызмет көрсету орталығында жұмыс істейді. Арнұрдың басына түскен қиындықты қалай жеңе білгендігін төмендегі сұхбаттан көре аласыз.

2008 жылы суға батып бара жатқан қызды құтқарам деп жарақат алдым.  

Екі жыл бойы орнымнан тұра алмай, төсек тартып жаттым.

Қазақстанда оңалту орталықтары жоқ болғандықтан, 2010 жылы Ресейдің Новосибирск қаласында бірінші рет арбаға отырдым.

Басыңа қиындық түскенде жүз достың бесеуі ғана қалады ғой. Достарымның арқасында ортаға шықтым.

Дені сау адам аттап өте салатын жол жиектемесінен өте алмай тұрған кезде ызаң келеді.

Сол оқиғадан кейін көзімді аша сала ең алдымен «футбол ойнай алмай қалатын болдым ғой» деп қиналдым.

Көп жерлерге үлкен-үлкен баспалдақтар салып тастаған. Соған шыға алмай жүреміз.

Рүстем Әлпи
Бөлісу: