«Сағатың қанша?»: Сабина Мовлаева ұятсыз видеода өзі емес екен дәлелдей алмай жүр

6 Қараша, 14:31 8941

Сабина Мовлаева өзіне жала жабылып жатқанын айтып, көпшілікке үндеу тастады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Ол желіде тараған интимдік видеода өзі емес екенін айтып, оған қатысты буллинг басталғанын мәлімдеді. 

Тоқтатыңыздаршы, өтінемін. Барлығын осы аптада дәлелдеймін. Қалай көздеріңіз көрмейді, ұқсамайды ғой. Далада ер-азаматтар «сағатың қанша?» деп сұрайтын болды. Әлеуметтік желіге кіре алмай қалдым. Сол видеоны жібере береді. Қанша айтуға болады, видеодағы адам мен емеспін. ҰҚК, адвокаттар мен полиция атсалысып жатыр. Барлығына мен емес екенімді дәлелдеп беремін. Полиция «күт» дейді, шаршадым. Достарымның ішінен «ол Сабина емес қой» деп айтып, ешкім қолдап та жатқан жоқ. Сараптама барлығын жасадық, видеодағы мен емес, - деді Сабина Мавлоева.

Айта кетейік, блогерге ұқсас қыздың қатысуымен интимдік видеоны аноним Telegram арналар таратты.

Заңгер Айгүл Орынбек блогерді қолдап, буллингті тоқтатуға шақырды.

Оңбаған, надан қатыгез қоғам. Қыздарыңды жылатып оңбайсыңдар, ертең өзіне қол жұмсаса, не істейсіңдер?! Өсек пен төсектен аса алмайтын, сорлы надандар. Тоқтасаңдаршы, болды ғой, пікір жазып отырғандардың бәрі еркек. Еркек деген аттан садаға кеткірлер. Сабина бір аптадан бері ақталып , ол видеода өзі емес екенін айтып жылап отыр. Адамның өзіне сенбейтін қандай қоғам болып бара жатырмыз?! Қайда біздің буллингпен күрескіш пагондағылар? Бізде мына заңсыздықтарға нүкте қоятын біреу бар ма? Сабина көтер басты, ел алдында жүрген соң аяқтан шалу болады. Сені қорлаған скриншоттарды жібер, біртіндеп тұрып арыз жазып, жазасын береміз. Бұл қоғамда санасы төмен, ұятсыз надандар көп, өкінішке қарай. Өз қыздарын бағаламайтын, қыздардың жарқырап жүргенін көре алмайтын шіріген сорлылар, - деп жазды танымал заңгер.

Алматы қаласының Полиция департаменті бұл жағдайға байланысты жеке өмірге қолсұғылмаушылық пен жеке деректерді қорғауға қатысты бап бойынша қылмыстық іс қозғалғанын мәлімдеді.  

Мөлдір Қайнар
Бөлісу: