Садақ атудан Қазақстан құрамасы Париж Олимпиадасы ойындарын аяқтады. Мергендердің соңғы болып Александр Еременко өнер көрсетті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Ұлттық Олимпиадалық комитеттің мәліметінше, қазақстандық спортшы 1/32 финалда франциялық Баптист Аддиспен кездесті.
Кездесуде қарсылас мергенші 6:2 есебімен жеңіске жетті.
Айта кетейік, бұған дейін Ильфат Абдуллин мен Дәулеткелді Жаңбырбай жарыстан шығып қалған болатын.