Садақ атудан Астана Гран-приі халықаралық турнирінің жеңімпаздары анықталды

3 Шілде, 11:39 664

Садақ атудан 27 маусым - 2 шілде күндері аралығында елорда төрінде өткен халықаралық бәсекенің жеңімпаздары анықталды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Елорда әкімдігінің мәліметінше, әлемнің ең мықты деген Оңтүстік Корея, Ресей, Беларусь, БАӘ сынды және басқа да елдері бас қосқан айтулы жарыстың жеңімпаздарының есімі толық белгілі болды. 5 күнге жалғасқан турнирде классикалық және блоктық садақ атудан ересектер, 18 жасқа дейінгі және 21 жасқа дейінгілер арасында 11 жүлде жиынтығы сарапқа салынды.

Классикалық садақ атудан командалық және микс жаттығуы бойынша жүлдеге таластым. Қос сайыста өнер көрсеткен соң психологиялық жағынан қиын болды. Абырой болғанда, 1 күміс, 1 қола жүлде алдық. Жалпы жарыста бәсекелестік деңгейі жоғары болды. Өздеріңіз білетіндей, садақ атудан Ресейдің спортшылары Олимпиадада тұрақты түрде жүлделі орындардан көрінеді. Мықты қарсыласпен бірге сынға түсу өз қателігіңді көрсетіп, өз шеберлігіңді өсіреді, - деді қатысушы Александра Воропаева эмоциясымен бөлісіп.

Жалпы жүлде кестесі:

Олимпиада бағдарламасына кірмейтін блоктық садақ ату. 50 метр;
Ресей – 3 алтын;
Қазақстан – 2 алтын, 5 күміс, 4 қола;
БАӘ – 1 қола.

Олимпиада бағдарламасына кіретін классикалық садақ ату. 75 метр
Қазақстан – 3 алтын, 4 күміс, 5 қола;
Беларусь – 2 алтын, 1 қола;
Ресей – 1 алтын, 2 күміс.

Астана қаласына алғаш рет келіп тұрмын. Біріккен Араб Әмірлігімен салыстырғанда Астананың ауа райы қолайлы әрі таза екен. Жергілікті тұрғындардың өте ұқыпты, тазалыққа жандары құмар екендігін байқадым. Қазақстанда осындай тазалық акциясы жүріп жатқанын естідім. Жалпы айналамызды таза ұстау, кез келген азаматтың міндеті. Айналаң таза болса,табиғаттың сұлулығын тамашалай аласың ғой, - деді БАӘ бас бапкері Роуда Алжасми жарыстан бөлек, «Таза Қазақстан» акциясы бойынша да пікірін білдіріп.

Айта кетсек, садақ атудан гран-при бәсекесі елордада осымен үшінші мәрте өтті.

Мадина Асылбекова
Бөлісу: