Сәбина Алтынбекова күйеуіне қатысты әңгімеге нүкте қойды

27 Мамыр 2023, 18:54 4615

Танымал волейболшы Сабина Алтынбекова телеарнаға сұхбат беріп, жеке өмірі, баласының болашағы мен мансабы туралы айтты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

НТК арнасындағы "Ревю" бағдарламасындағы әңгіме барысында спорт жұлдызы ажырасуға қатысты қауесеттердің басын ашып айтты. Сондай-ақ, ол Алтынбекова ұлы туралы журналистің сұрақтарына жауап беріп, баласының спортқа сай мінезі барын жасырмады.

"Көмекшілерім мен анам бар. Ештеңеге алаңдамаймын. Оларды үнемі сағынып жүремін. Балам өскен сайын қылықтары шыға бастады. Оған 1 жас 7 ай толды. Мінезі де шығып келе жатыр. Спортқа тән мінезі бар" - деді ол.

Қол доп шебері ажырасуға қатысты ақпараттардың өтірік екеніне біржола нүкте қойды. 

"Мен әлеуметтік желіде ажырсуға қатысты әңгімелер өтірік екенін айтқан болатынмын. Бізде бәрі жақсы. Жақында әдемі бейнежазбаларымызды жаряилай бастаймын. Өте жақсы суреттер болады деп уәде беремін. Қазақта сөз тиеді деген болады. Сондықтан бізге зияны мен кесірі тиіп кетпеуін ойлаймын. Алдын алып отырамын" - деді ол.

Волейболшы Сәбина Алтынбекова БАӘ чемпионат аясындағы ойындарда өнер көрсету үшін қыркүйек айларында аттануды көздеп отыр. 

Асқар Таудай
Бөлісу: