Сұрағанов пен Сыздықов туралы бірер сөз

4 Қыркүйек 2014, 05:52

Сұрағанов Құрманғали 1928 жылы Солтүстік Қазақстан облысындағы Жамбыл ауданының Баян ауылында туған.

Сұрағанов Құрманғали 1928 жылы Солтүстік Қазақстан облысындағы Жамбыл ауданының Баян ауылында туған. 1943 жылы «Баян» ұжымшарында еңбек ете бастады. 1960 жылдары «Приишим» кеңшарының комбайнері, трактор бригадасының бригадирі болды. Кейін «Баянауыл» кеңшарының бөлімше басқарушысы қызметін атқарды.

1967 жылы 19 сәуірдегі КСРО Жоғарғы Кеңесінің Жарлығымен Құрманғали Сұрағановқа Социалистік Еңбек Ері атағы берілді.

Сыздықов Әбу 1919 жылы Солтүстік Қазақстан облысындағы Кеңес (қазіргі Аққайың) ауданының Ойшілік ауылында туған. 1936 жылдан «Қиялы» кеңшарында жұмысшы, кейін Шағлы машина­трактор станциясының  тракторшысы болып істеді. 1941 жылдан 1946 жылға дейін Кеңес Әскері қатарында қызмет етті. 1953 жылдан Шағлы МТС­де трактор бригадасының бригадирі, кейін 1965 жылдан «Путь Ильича» кеңшарында трактор­егіс бригадасында жөндеуші болып істеді.

1957 жылы 11 қаңтарда КСРО Жоғарғы Кеңесінің Жарлығымен Әбу Сыздықовқа Социалистік Еңбек Ері атағы берілді.

Стецюк Анатолий Федорович (1936 жылы, Украина, Черкасск   облысы   Жашковский   ауданы   Бузовка   селосы)   – Социалистік Еңбек Ері (1966). КСРО Мемлекеттік сыйлығының лауреаты. Жергілікті ұжымшарда трактор тіркемешісі болып жұмыс істеген. Ауылшаруашылық механизациясы училищесін бітірген. Алғашқы тың игерушілердің бірі. 1954  жылдан  Қызылту  (қазіргі  Ш.  Уәлиханов)  ауданында «Озерный» кеңшарында жүргізуші болып жұмыс істеген. Ленин, «Құрмет Белгісі» ордендерімен және медальдармен марапатталған.

Төлебеков Қасым Қажыбайұлы (1935 жылы, Петропавл қаласы) – Социалистiк Еңбек Ерi. Алматы зоовет. институтын, Алматы Жоғары партия мектебiн бiтiрген. 1960-­1980 жж. Булаев, Сергеев және Преснов аудандарының кеңшарларында зоотехник, бас зоотехник, содан кейiн аға зоотехник, облыстық ауылшаруашылық басқармасы бастығының орынбасары болып жұмыс iстеген. Бескөл аудандық атқару комитетiнiң төрағасы, Булаев аудандық партия комитетiнiң бірінші хатшысы, 1981­-1986 жж. Қостанай облыстық партия комитетiнiң екінші хатшысы, Қостанай облыстық атқару комитетiнiң төрағасы, 1987 жылы Шымкент облыстық партия комитетiнiң бірінші хатшысы, 1988 жылы Алматы облыстық партия комитетiнiң бірінші хатшысы, Ауыл шаруашылығы министрiнiң бірінші орынбасары қызметтерiн атқарған. 2 мәрте Ленин, 2 мәрте Еңбек Қызыл Ту, Қазан революциясы ордендерiмен және медальдармен марапатталған.

«Есімдері ел есінде», құрастырған Абай Тасболатов

Бөлісу: